Сала мамандарымен жиын өткізген Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов қаладағы коммерциялық нысандардың жылу жүйесіне заңсыз қосылуға ешқандай мүмкіндік бермеу керектігін жеткізді. Сондай-ақ, бұл бағытта қатаң шара қабылданып отырғандығын айтып, заңсыздықтың барлығын анықтауға арнайы тапсырма берді. Жиында Кентау қаласында жылу жүйесіне заңсыз қосылған нысандарды анықтау мақсатында жұмысшы топ құрылды.
Қала әкімінің орынбасары Қуаныш Искаков бастаған сала мамандары коммерциялық нысандарды аралап, жылу жүйесіне заңсыз қосылған және жылуды ұрлау күдігі бар ғимараттарды жылудан ажырату жұмыстарын жүргізді.