Бүгінгі күні Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігімен кәсіпкерлікті қорғауға және қолдауға бағытталған «Бизнеске жол» жобасы жүзеге асып жатыр. Жоба аясында әкімдік басшылығының және басқа да уәкілетті органдардың көмегімен 1300 — ге жуық кәсіпкердің құқығы қорғалды. Сондай-ақ, кәсіпкерлердің жұмысына заңсыз араласқаны үшін 7 лауазым иесі түрлі жауапкершілікке тартылды.
Ал, білім саласындағы үнемделген қаржылар балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, оқушыларды тамақтандыру, жылыту жүйесін газға көшіру, мектеп парталарын, тақталарды, мектепке дейінгі ұйымдарға жиһаз сатып алу және білім беру мекемелерін жөндеу жұмыстарына жолданатын болды.
«Білім беру саласы жемқорлық тәуекелдері жоғары салалардың алғашқы сатысында тұрғаны анық. Осы салаға қатысты бюджеттің негізсіз қалыптастырған 20 млрд теңгесі қысқартылды. Сонымен қатар, білім беру мекемелері қызметкерлерінің жұмыс уақытын бақылау мақсатында турникет және биометриялық қондырғылар орнатылуда. Бұл жұмыстарға бюджеттен 400 млн теңге бөлінді» — деді Мұрат Төлеубаев.