Әуе сапарларының қолжетімділігін арттыру және ішкі туризмді дамытуды ынталандыру мақсатында QAZAQ AIR әуекомпаниясы 14 қаңтардан бастап Қостанай-Түркістан-Қостанай бағыты бойынша әуе рейстерін іске қосады. Рейстер сейсенбі және жексенбі күндері аптасына 2 рет келесі кесте бойынша орындалады.
Субсидияланатын әлеуметтік маңызы бар авиарейстердің құны бір бағытта 27 000 теңгені құрайды. 14 жасқа дейінгі балаларға 50% жеңілдік беріледі. Қол жүгін тасымалдау нормасы 5 кг, багаж 20 кг. ұшу күнін өзгерту және билеттерді қайтару тегін.