Түркістан облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне 2023 жылдың қорытындысы бойынша 1535 өтініш келіп түскен. Оның 324-і жазбаша, 17-сі Telegram арқылы болса, жеке қабылдаулардан – 520, жедел желі бойынша 674 өтініш түскен. Атап айтсақ, бөлшек сауда қызметтері – 1461 (сұрақтар сапасыз қызмет көрсетуге, бағаның сәйкес келмеуіне, тауарды айырбастаудан және қайтарудан бас тартуға қатысты), ТКШ қызметтері – 69 (сұрақтар сумен, жылумен, газбен жабдықтауға қатысты). Департамент құзыретімен қаралып қанағаттандырылғаны – 1447 өтініш, түсіндірілгені – 14, басқа мемлекеттік органдарға қайта жолданғаны – 74 өтініш.
Департаментпен қабылдаған шаралар нәтижесінде 105 кәсіпкерлік субъектісіне жоспардан тыс тексеріс жүргізіліп, ескертулер берілді. Тұтынушы құқығын бұзған кәсіпкерлерге 455200 теңгеден аса айыппұл салынды. Нәтижесінде облыс тұрғындарына 44 млн. теңгеден астам қаражат қайтарылды. Департамент халықтың шағымдарын мұқият талдайды және оларға мемлекеттік органдар тарапынан жедел әрекет етеді.
Түркістан облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті тұрғындардан белсенділік күтеді. Егерде өз құқығыңыздың бұзылғанын байқасаңыз, дүкен сөрелерінде тауар бағасы жазылмаған фактілерді анықтасаңыз немесе әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының өсуі байқалса, я болмаса сапасыз қызмет алсаңыз аталған департаментке сол кәсіпкерге қатысты арыз-шағым білдірсеңіз болады. Ол үшін «жедел желі» нөмірлеріне (+7771 322 8282, +7700 606 0071, +7775 224 5616, +7707 347 3876), сондай-ақ электронды және жазбаша өтініштерді департаменттің мекенжайына (Түркістан қаласы, Жаңа қала мөлтек ауданы, 32 көше, 16 ғимарат, А корпусы, 427 кабинет), @kzpp_bot Telegram-Bot желісіне, «Е-otinish», «e-tutynushy.kz» ақпараттық жүйесі арқылы жіберуге болады.