gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Саурандықтар мұқтаж отбасына баспана тарту етті

16 января, 2024
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Саурандықтар мұқтаж отбасына баспана тарту етті
Share on FacebookShare on Twitter
Түркістан облысында қайырымдылық іс-шаралары көбейіп келеді. Осындай игі шараның бірі Сауран ауданы, Ескі Иқан ауылдық округінде ұйымдастырылды. Қайырымды жандар өз қаражаттары есебінен 2 бала тәрбиелеп отырған, баспанаға мұқтаж жалғызбасты анаға баспана тарту етту. Юлдашев Жорабек және Атаев Мырзарайым есімді азаматтардың ұйытқы болуымен игі бастама ұйымдастырылып, көпшілік қауымның қолдауымен мұқтаж отбасына баспана салынды.
Отбасы мүшелеріне үйдің кілтін табыс ету шарасына аудан әкімі Мақсат Таңғатаров арнайы барып, шаңырақ иелерінің қуанышымен бөлісті. Онда ауданның Ақсақалдар алқасының төрағасы Балтабай Жарылқасынов және ауылдық округтің бас имамы сөз сөйлеп, ізгі тілектерін жеткізді. Ауданның кәсіпкерлері тарапынан баспана иелеріне тұрмыстық қажетті жабдықтар сыйға тартылды.
Ұзақ жылдан бері пәтер жалдап келген ана мен балалар қуаныштарын жасыра алмай, қайырымды жандарға шын көңілімен алғысын білдірді.
Айта кетейік, бұл игілікті істе әкімдік жанынан арнайы комиссия тобы құралған. Топ құрамында Ақсақалдар және Аналар кеңесі мен аудандық мәслихат депутаттары, ауыл имамдары мен қауымдастық мүшелері бар. Арнайы топ ауылдық округтерде жағдайы төмен, баспанаға мұқтаж отбасыларды іріктеп, таңдау жүргізеді. Алдағы уақытта ауылдық округтің белсенді азаматтары мен қайырымды жандары дәл осы істі жалғастырып, мұқтаж отбасыларына баспана салуға ниетті екендіктерін жеткізді.
Previous Post

Бәйдібектік екі ұстаз екі мектепте Жапонияның оқу жүйесін енгізуде

Next Post

Ордабасы ауданында ангиограф аппаратымен ота жасалды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz