Бәйдібек ауданында оқушыларды жаңа үлгідегі білім ұйымдарымен қамтамасыз ету мақсатында тиісті жұмыстар жүргізілуде. Айталық, аудан орталығынан “Жайлы мектеп“ жобасы аясында 300 орынды мектеп құрылысы қолға алына бастады. Ыңғайластырылған жайда орналасқан Ы.Алтынсарин мектебіне 150 орынды жаңа оқу ғимаратына қажетті мектеп салуға арнайы жер телімі бөлініп, тиісті құжаттарын әзірлеу жұмыстары жүргізілсе, оқушы санының артуына байланысты қосымша жайды қажет ететін «Тасқұдық», «Боралдай», «Бөген», «Теректі», Ғ.Мұратбаев мектептерінің құрылысқа қажетті жер телімдері дайындалып, АПЗ құжаттамалары әзірленді.
Реті келгенде айта кетейік, былтыр Н.Арапов, О.Тайманов мектептерінің жылыту жүйесіне және Жамбыл мектебінің ішкі-сыртқы әрлеу жұмыстарына қажетті қаржылары қаралып, қазіргі таңда жөндеу жұмыстары жүргізілді.Сонымен қатар, ЖСҚ толық аяқталған Ш.Уалиханов, Л.Өтешов, Қ.Сәтпаев, Домалақ ана, «Ақтас», «Қайнар» мектептерінің құжаттары салалық басқармаларға ұсынылып отыр.
Қазіргі таңда Бәйдібек ауданындағы 51 білім берумекемесінде 2454 мұғалім жұмыс істеп, 12343 оқушы білім алуда.Оқушылар арасындағы қауіпсіздіктің алдын алу мақсатындабілім ұйымдары бейнебақылау камераларымен жабдықталған. Бүгінде бейнебақылау нүктелерінің маңыздылығына талдау жасалып, қосымша камера санын қосуға және бейнебақылау жүйесіндегі ақауларын қалыпқа келтіру мақсатында бюджет есебінен 40 млн 366 мың теңге қаржы қаралып, 49 мектепке бейнебақылау камералары орнатылды.44 білім беру ұйымдарында арнайы турникеттер орнатылса, алдағы уақытта қосымша 4 білім беру ұйымдарына турникеттер орнату жоспарланып, тиісті бюджет есебінен қаржы қаралып, тиісті жұмыстары жүргізілді.
Мектептердің сыртқы қоршау жұмыстарын жүргізу үшін 8 білім беру ұйымдарына қаралған қаржыға қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу конкурстары жүргізіліп, аталған білім беру ұйымдарына қоршау орнатылды.
Қазіргі таңда аудан бойынша тасымалданып оқитын 262 оқушы бар.Ағыбет ауыл округіне қарасты Алғабас, Жұлдыз ауылдарынан Майбұлақ мектебіне 186 оқушы тасымалданса, Жамбыл ауыл округіне қарасты Қызылжар елді-мекенінен Ордабасы ауданындағы «Қызылжар» жалпы орта мектебіне 18 оқушы, Есіркеп батыр атындағы білім ұйымына 48 оқушы, «Ақбұлақ» елді-мекенінің 10 оқушы «Бөген» жалпы орта мектебіне тасымалдануда.
Айта кетейік, аудан бойынша 45 мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде 2790бала тәрбиеленіп, балаларды балабақшамен қамту көрсеткіші 98,2 пайызды құрады. Оның ішінде 15 мемлекеттік балабақшада 1290 бала, 22 мектеп жанындағы шағын орталықтарда 640 бала, 8 жекеменшік балабақшада 860 бала тәрбиеленуде.
Мектепке дейінгі білім беру мекемелеріндегі қордаланған мәселердің бірі жиһаздардың жетіспеушілігі бойынша тиісті жұмыстар жүргізіліп, бюджет есебінен қаралған қаржыға сатып алу жұмыстары атқарылды. Нәтижесінде,былтыр мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына жиһаздар сатып алынды.Сонымен қатар, тозығы жеткен балабақшалардың жөндеу жұмыстарын қажет ететін жобалық сметалық құжаттамасы (бұдан әрі ЖСҚ) бойынша қаржы қажеттілігі сараланып, тиісті басқармаға құжаттары жолданды.
Аудандағы мектептердің арнайы пән кабинеттерімен жабдықталуы 42,8 пайызды құрауда (26 физика кабинеті, 23 химия кабинеті, 22 биология кабинеті және 14 мультимедиялық кабинеттермен жабдықталған). Биыл оқушылардың білім стандарты мен оқу бағдарламаларын сапалы меңгерту мақсатында 24 жаңа модификациялық кабинеттер алып беруге қаржы қаралып, тиісті жұмыстар жүргізілуде.
Сондай-ақ, аудандағы 49 білім беру ұйымдарының оптикалық талшықты жоғары жылдамдықты интернет 14 (28,6% пайыз) білім беру мекемелеріне толық қосылып, жұмыстар жүргізілуде.
Қазақстан Республикасы Президентінің №2 Жарлығын орындау мақсатында аудандағы барлық мектептердің 1-4 сыныптарында 4359 оқушы(100% пайыз) ыстық тамақпен қамтамасыз етілуде. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы №64 қаулысына сәйкес аз қамтамасыз етілген отбасы балалары бойынша 5-11 сыныптарында 983 бала ыстық тамақпен қамтамыз етіліп отыр. 45 мектепте тиіптік үлгідегі асхана, 4 мектепте (Сейфуллин, Алтынсарин, Т. Боралдай, Күлтөбе НББМ) ыңғайластырылған жайда асхана ұйымдастырылып ыстық тамақ берілуде.
Ауданда 49 мектептің барлығында 5342 (43,8% пайыз) бала тегін ыстық тамақпен қамтылған.
Қазіргі таңда ауданда ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 52 бала тіркеуге алынып, қорғаншылық-қамқоршылық тәрбиедегі заңды өкілдеріне мемлекет есебінен қажетті қаржысы төленуде.Сондай-ақ, 2023 жылға аз қамтамасыз етілген отбасы балаларына әлеуметтік тұрмысы төмен 840 балаға оқуға қажетті құрал-жабдықтар мен киім-кешектер әперу үшін ата-анасының (заңды өкілдерінің) жеке есепшоттарына қажетті қаржысы (әр балаға) аударып берілді. Қазіргі таңда кәсіпкерлердің демеушілігімен 300 балаға жәрдем көрсетілсе, «Мектепке жол» акциясы аясында жәрдем жасау жалғасуда.
Аудандағы 39 жалпы орта мектептегі 761 мектеп бітіруші түлектің 679-ытестілеуге қатысып, талапкерлердің орташа балы 74,9-ды құрады. Жалпы мектеп бітіруші түлектердің 63,2 пайызы (379 мектеп бітіруші түлектер) жоғарғы оқу орындарына мемлекеттік грант иегерлері атанды.Сонымен қатар, 11 сынып түлектерінің ішінен 36 (4,7%)оқушы «Алтын белгі» төсбелгісіне, 49 (6,4%)оқушы «Үздік аттестатқа» иегер болды. Ал, 9 сыныпты бітірген 1146 оқушының 88-і «Үздік аттестат» иегері атанды.
Республикалық ауыл олимпиадасының қорытындысы бойынша Бәйдібек ауданында өткен олимпиаданың аудандық кезеңіне 9, 10, 11 сыныптар арасында 1151 оқушы онлайн тіркеліп, аудандық кезеңнен 485 оқушы облыстық кезеңге жолдама алды. Нәтижесінде олыстық кезеңде 35 оқушы І орынды, 53 оқушы ІІ орынды, 107 оқушы ІІІ орынды жеңіп алып, 3 оқушы «Мадақтамамен» марапатталды. Төрт оқушы республикалық кезеңге қатысып, химия пәні бойынша С.Әбдіжаппаров атындағы жалпы орта мектептің 10 сынып оқушысы Ержігіт Нұрила І орыннан көрінді. Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы оқушылардың қорытындысы күтілуде. «Шаян» мектеп-лицейдің» 11 сынып оқушысы Асанхан Гүлнұр ағылшын тілі пәнінен, «Жиенқұм» жалпы орта мектебінің 11 сынып оқушысы Әнеш Қарлығаш қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен білімдерін сынға салуда.
Түркістан облысы «Облыстық дарынды балаларды анықтау және қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің хатына сәйкес, 2024 жылдың 5-6 қаңтар күндері 9-11 сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі өтті. Аталған олипиадаға ауданнан 11 пән бойынша 33 оқушы өз білімін сынға салды. Оның ішінде 9 пән бойынша 14 оқушы жүлделі орындарды иеленді. Атап айтсақ, І орын 1 оқушы, ІІ орын 3 оқушы, ІІІ орын 5 оқушы жеңіп алса, 5 оқушы Мақтау қағазымен марапатталды. .
Облыстық «Ыбырай жазулары» байқауында Қазақбаев жалпы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Исабаева Гүлмира 2-орыннан, «Үздік авторлық бағдарлама» байқауынан Бөген жалпы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ермаханова Айнаш 2-орыннан, «Махамбет оқулары» байқауында «Ұлы арман» — Иллюстрациялық суреттер салу бағыты бойыншаЕсіркеп батыр атындағы жалпы орта мектептің оқушысы Қанатбек Абзал 3-орыннан, «Махамбет оқулары» байқауында «Шашақты найза, шалқар күй» — күй орындау бағыты бойыншаС.Әбдіжаппаров атындағы мектептің оқушысы Ержанқызы Алина 3-орыннан, «Махамбет оқулары» байқауында «Біз неткен ер, неткен ер?» — тақырып қорғау бағыты бойынша«Теректі» жалпы орта мектебінің оқушысы Танжарык Айзере Ерикқызы 3-орыннан көрінді.
«Үздік авторлық бағдарлама»байқауының облыстық кезеңінде «Мыңбұлақ» жалпы орта мектебінің физика пәнінің мұғалімі Н.Сейтхан «Шығармашыл» номинациясының иегері атанса, «Педагогикалық идеялар фестивалі» байқауының облыстық кезеңінде аудан ұстаздары жеңіс тұғырынан көрінді. Атап айтсақ, «Мыңбұлақ» жалпы орта мектебінің физика пәнінің мұғалімі Сейтхан Нұргелді ІІІ орынды, «Шаян» мектеп- лицейі орыс тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Серперова Динара Кенжебаевна жүлделі ІІІ орынды иеленсе, Бөген жалпы орта мектебінің үйірме жетекшісіДжарылқапова Ұлмекен ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
Облыстық «Менің шағын Отаным» атты республикалық интеллектуалдық конкурсының облыстық кезеңінде Жамбыл атындағы жалпы білім беретін мектептің 10 сынып оқушысы Жұмаш Нұрдаулет «Шағын Отанымның символы» номинациясы бойынша жүлделі 3 орыннан көрінді.7-8 сынып оқушылары арасында өткен география пәнінен Ұлттық олимпиадасының облыстық кезеңінен «Жиенқұм» жалпы орта мектебінің 7-сынып оқушысы Ғабитұлы Ролан 3-орынды иеленді.
Түркістан облысы Дін істері басқармасы Түркістан облысының білім басқармасымен бірлесе отырып, облыс жастарын имандылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында облыс оқушылары арасында өткен шығармашылық бәйгенің жеңімпазы М.Әуезов атындағы ІТ-мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы Мейірбек Ерсұлтан арнайы марапатқа ие болды.Облыс мұғалімдері арасында өткен «Ыбырай жазулары ІІІ » дәстүрлі жазба жұмысының облыстық байқауында Қ.Бәйменов атындағы жалпы білім беретін мектептің орыс тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Стаева Орынкүл Аханқызы жүлделі ІІІ орынды иеленді.
«TuranBalaFest» телебайқауының облыстық кезеңінде «сахналық қойылым» номинациясы бойынша О.Тайманов атындағы өнер және саз мектебі І дәрежелі дипломмен марапатталды. «TuranBalaFest» телебайқауының облыстық кезеңінде «Дәстүрлі ән» номинациясы бойынша М.Әуезов аындағы ІТ-мектеп-лицей оқушысы Жайырбек Азат І дәрежелі дипломмен, Ғ.Мұратбаев жалпы орта мектебінің 11 сынып оқушысы Асил Рамазан ІІ дәрежелі дипломмен, Ш.Уалиханов атындағы ЖББМ 10 сынып оқушысыОңлабек Нұрасыл І дәрежелі дипломмен, «Жеке орындау» номинациясы Абай атындағы ЖББМ оқушысы Алпысбай Балжан І дәрежелі дипломмен марапатталды.
«Көк тудың желбірегені» тақырыбында өткен ақындар айтысының» облыстық кезеңінде Қайнар мектебінің 11-сынып оқушысы Төленбек Дінмұхаммед ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
Шығармашылық жобалар байқауының «Қазақстанның жеті кереметі» тақырыбында өткен облыстық кезеңінде С.Әбдіжаппаров атындағы жалпы орта мектептің 10 сынып оқушысы Сүндет АлтынайІ дәрежелі дипломмен марапатталды.Шығармашылық жобалар байқауының «Қазақстанның жеті кереметі» тақырыбында өткен облыстық кезеңінде С.Ерубаев жалпы орта мектебінің 11-сынып оқушысы Мұхит ШұғылаІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.«Үздік қосымша білім беру педагогы» байқауының облыстық кезеңінде С.Ерубаев жалпы орта мектебінің үйірме жетекшісі Кантарова Айна «Алғыс хат» марапатталды. «Тәуелсіздік-мәңгі болсын тұғырың!» тақырыбындағы дебат турнирінің облыстық кезеңінде «Майбұлақ» жалпы орта мектебінің «Ақиқат фракциясы» ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
Педагогтердің мәртебесін көтеру, олардың кәсіби біліктілігін және кәсіби өсуін қолдау және ынтыландыру, үздік педагогикалық практикаларды жариялау, тарату және насихаттау мақсатында аудан көлемінде мұғалімдер арасында «Озат ұстаз-2024» байқауының екінші кезеңі өткізілді. Ақпан, наурыз айларында қорытынды кезеңдері өткізіледі.
Шараның мақсаты педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыру, озық педагогикалық тәжірибелерін анықтау және тарату, мұғалімдердің шығармашылық белсенділігін, кәсіби шеберлік деңгейін арттыруға ынталандыру, шығармашыл мұғалімдерді қолдау.
Сонымен қатар, облыстық білім басқармасының бастамасымен Жапония мемлекетінің білім саласындағы озық іс-тәжірибесімен бөлісу мақсатында 2023 жылдың 2-9 қазан аралығында облысымыздан арнайы делегация құрылып, облыстағы білім саласының бірнеше мамандары Жапонияға іс сапармен барып қайтты. Сол делегацияда аудандық әдістемелік кабинет меңгерушісі А.Айтбеков болып, қазіргі таңда ауданымыздағы 2 мектепте (Шаян лицей, Қ.Сыпатаев) 2 сынып оқушыларымен Жапония мектептерінің үздік іс-тәжірибесін енгізу мақсатында жұмыстар жүргізуде.