gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістанда молекулярлы медицина орталығы ашылды

19 января, 2024
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Түркістанда молекулярлы медицина орталығы ашылды
Share on FacebookShare on Twitter
Түркістанда Молекулярлы медицина орталығы ашылды. Ашылу салтанатына Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев пен облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуәлиев қатысты.
– Түркістан қаласында Молекулярлы медицина орталығының ашылуымен сіздерді шын жүректен құттықтаймын! Ана мен бала денсаулығын қорғау аса маңызды. Осы тұрғыдан облыс әкімдігі және денсаулық сақтау басқармасы тарапынан бұл бағытта жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Былтыр облыста 54498 сәби дүние есігін ашқан. Біз молекулярлық зерттеулер саласында сапалы қызметтерді ұсыну мүмкіндігі туғанына қуаныштымыз. Өйткені біз үшін өңірдің демографиялық өсімі аса маңызды. Бұл филиал қызметкерлердің жұмысына серпін беріп, емделушілердің денсаулығы жақсара берсін! – деген облыс әкімінің орынбасары қатысушылармен бірге балалар мен жүкті әйелдерге кеңес беру кабинеттерін аралап көрді. Жиын барысында орталық құрылтайшысы бұл жобаның маңыздылығын атап өтті.
Бұл орталық Түркістандағы №3 перинаталдық орталығына құрамында Түркістан, Кентау қалалары мен Созақ, Отырар, Сауран аудандарының жүкті әйелдері мен жаңа туған нәрестелеріне қызмет көрсетпек. Мақсат – ана мен бала денсаулығын жақсартып, қайғылы жағдайлардың алдын алу. Қазіргі таңда бұл өңірде 4213 әйел жүктілікпен тіркеуде тұр, жылына 15 мыңға жуық нәресте дүниеге келеді. Орталық пациенттерге медициналық-генетикалық кеңес беру, жаңа туған нәрестелерді фенилкетонурияға және туа біткен гипотериозға неонаталдық скрининг жүргізу, орфандық ауруларды диагностикалау қызметін көрсетеді. Сонымен бірге жүктіліктің бірінші триместріндегі пренатальды биохимиялық скринингті қоса алғанда медициналық генетика саласындағы қызметтердің кең спектрін жүргізеді.
Previous Post

Кәмелетке толмаған балалардың құқықтарын қорғау жолдары сарапталды

Next Post

Түркістан облысында жұмыссыздық деңгейі төмендеді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz