gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Кәмелетке толмаған балалардың құқықтарын қорғау жолдары сарапталды

19 января, 2024
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Кәмелетке толмаған балалардың құқықтарын қорғау жолдары сарапталды
Share on FacebookShare on Twitter
Түркістанда облыс әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия отырысы өтті. Облыстық құқық қорғау органдары, денсаулық сақтау және білім саласының өкілдері, сонымен қатар комиссия мүшелері, аудан, қалалардағы комиссия төрағалары мен хатшылары, қоғамдық ұйым өкілдері қатысқан жиында кәмелетке толмағандар арасында қылмыс пен құқықбұзушылықтың, ерте жүктіліктің және өзіне-өзі қол жұмсаудың алдын алу жұмыстарын күшейту мәселелері кеңінен талқыланды. Мәжілісті облыс әкімінің орынбасары, кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия төрағасы Бейсен Тәжібаев ашып, жүргізді.
Жиында облыстық полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы полиция полковнигі Асылхан Төреханов кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс пен құқықбұзушылықтардың алдын алу бойынша 2023 жылы атқарылған жұмыстарға тоқталды.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуәлиев кәмелетке толмағандар арасында суицидтің және ерте жүктіліктің алдын алу жұмысын ұйымдастыру, Облыстық білім басқармасының басшысы Ғалымжан Жұмашев те осы саладағы жұмыстарды баяндады.
Зорлық-зомбылықтың алдын алу бағытында жұмысшы топтар құрылған. Оған барлық аудан, қалалардың полиция тірек пунктерінің басшылары, білім бөлімінің басшылары, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау басқармасының қызметкерлері және облыстық уәкіл мен өкілдері енгізіліп, балалардың құқықтарын қорғау жөнінде жұмыстар жүргізілуде.
Айта кетейік, облыста 2133 педагог-психолог жұмыс істейді. «ArtSport» жобасы бойынша тиісті қаржы бөлініп, облыс оқушылары түрлі үйірмелермен қамтылған.
Жиын соңында облыс әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев күн тәртібіндегі мәселелер бойынша хаттама түзіліп, назарға алынатынын жеткізді. Отырыста айтылған мәселелер бойынша құзырлы органдар тиісті жұмыстар жүргізеді.
Previous Post

«Базардағы кітапхана» жобасы Сарыағаш ауданында жалғасты

Next Post

Түркістанда молекулярлы медицина орталығы ашылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz