gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан мен Атырау облыстарының мемлекеттік қызметшілері өзара тәжірибе алмасады

22 января, 2024
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Түркістан мен Атырау облыстарының мемлекеттік қызметшілері өзара тәжірибе алмасады
Share on FacebookShare on Twitter
Түркістан облысына Атырау облысы әкімі аппаратының қызметшілері келді. Әріптестерін Түркістан облысы әкімі аппаратының басшысы Еркеғали Әлімқұлов қабылдап, ұжыммен таныстырды. Өзара тәжірибе алмасу жөніндегі бастамаға қолдау көрсетіп, өңірдің
ерекшеліктерін, жұмыс жүйесін таныстырды.
– Қасиетті Түркістан өңіріне қош келдіңіздер! Өзара әріптестік, байланыс екі жаққа да тиімді болады деп ойлаймын. Басшылардың, мемлекеттік қызметшілердің басты мақсаты – елге қызмет ету, халықтың жағдайын жақсарту. Сіздер бізге білгендеріңізді үйретіп, біз де өз тарапымыздан сіздерге тәжірибемізді бөлісіп, жемісті жұмыс атқаратынымызға сенімдімін, – деді Еркеғали Әлімқұлов.
Атырау облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары Марат Абуов қонақжайлық танытқан түркістандықтарға алғысын білдірді. Түркістан облысында тұрғындар саны көп және мәселелері де аз емес. Осы ретте халықты қабылдау, өтініштерімен жұмыс істеу және өзге де салалар бойынша әріптестерімен тәжірибе алмасуға ниетті екенін жеткізді.
Атыраулық мемлекеттік қызметшілер аппарат жұмысын көреді, сонымен бірнеше аудан, қаланы аралап, ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік және өзге де салалардағы жобалармен танысады деп жоспарланып отыр.
Previous Post

Жетісайда еуростандартқа сай санаторияның қосымша ғимараты іске қосылды

Next Post

Түркістан облысында тазалық, абаттандыру, көгалдандыру жұмыстары бойынша мобильді топтар құрылады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz