gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан облысында тазалық, абаттандыру, көгалдандыру жұмыстары бойынша мобильді топтар құрылады

23 января, 2024
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Түркістан облысында тазалық, абаттандыру, көгалдандыру жұмыстары бойынша мобильді топтар құрылады
Share on FacebookShare on Twitter
Түркістан облысы әкімі аппаратының апталық мәжілісінде абаттандыру, тазалық, көгалдандыру жұмыстары сараланып, мәселелер талқыланды. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды осы жұмыстарды дұрыс атқара алмай отырған аудан, қала әкімдері мен жауапты басқарма басшыларына жұмысты күшейтуді тапсырды.
– Тазалық, көгалдандыру, абаттандыру мәселесін тұрақты талқылап келе жатырмыз. Жүйелі мәселе бар. Әкімі қандай болса, ауданы сондай болады. Жаңа жоспар, мәселенің шешімін ұсыныңыздар. Әр аудан, қалада осы мәселелерге қатысты мобильді топтар құрылып, жұмыс күшейтілсін. Екіншіден, облыстағы мыңнан астам мектеп, ауруханалар, мәдениет, спорт мекемелерінің өкілдері өз аулаларына ағаш егіп, абаттандыруды, тазалықты бақылауда ұстасын. Заманауи тұқымбақ ашып, халықты ағаш егуге ынталандырған жөн, – деді Дархан Сатыбалды.
Жиында Түркістан облысы әкімі аппаратының Ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс және аумақтық даму бөлімі басшысының міндетін атқарушы Нұркен Аралбеков барлық аудан, қаланы зерделеу қорытындысымен таныстырды. Кемшіліктер бойынша мәліметтер аудан, қала әкімдері мен жауапты басқарма басшыларына ұсынылып, жұмыстар бақылауға алынды.
Айта кетейік, облыс әкімі аудан, қаланы, ауылдарды абаттандыру, көгалдандыру, жол бойындағы үйлердің қасбеттерін және қоршауларын ретке келтіру бойынша тапсырма берген болатын. Аталған тапсырмаларды уақытында орындамай кемшіліктерге жол берген осы салаларға жауапты тұлғаларына тәртіптік шара көру бойынша ұсыныс беріліп, жалпы 93 шара көрілген. Абаттандыру бағытындағы жұмыстар тұрақты жалғасады.
Previous Post

Түркістан мен Атырау облыстарының мемлекеттік қызметшілері өзара тәжірибе алмасады

Next Post

Түркістан облысында 32 елді мекенге жаңа базалық станция орнатылып, 62 ауылдың станциялалары жаңғыртылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz