Бұл туралы қалалық Тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Талғат Үсенбаев баяндады. Оның айтуынша, биыл Түркістанда тұрғын үй кезегі бойынша 190 пәтер кілті тапсырылмақ. Қазіргі таңда қалада тұрғын үй кезегінде 16 982 азамат тұр. Соның ішінде 6 602 -әлеуметтік әлсіз топ мүшелері, 4 550 — көпбалалы отбасы мүшесі, 220 — тұл жетім, 5 607 — мемлекеттік қызметкер санаты бойынша тіркелгендер. Ал 3 азамат тұрғын үйі апатты деп танылғандар санатында.
Биыл жоспар бойынша 190 пәтер — кезек бойынша, 2 754 пәтер — мемлекеттік бағдарлама арқылы несиемен беріледі. Ал 2023 жылдың қорытындысымен 684 пәтер — кезек бойынша, 1 649 пәтер — несиемен табысталған болатын.