gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан облысында балалардың 91,1 пайызы қызылшаға қарсы екпе алған

23 января, 2024
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Түркістан облысында балалардың 91,1 пайызы қызылшаға қарсы екпе алған
Share on FacebookShare on Twitter
Түркістан облысында 2024 жылдың басынан бері қызылша ауруына шалдыққан 299 науқас тіркелген. Оның ішінде 81,2%-ы — 14 жасқа дейінгі балалар, 56-сы — ересек адам. Қызылшамен ауырғандардың басым бөлігі — екпе салдырмағандар. Бұл жайында Түркістан облысының бас санитариялық дәрігері Нұрбек Нышанов мәлімдеді.
— Облысқа қызылша ауруына қарсы жалпы саны 170 230 дана екпе жеткізілді. Қосымша жаппай иммундау аясында өңірде 172 104 балаға екпе салынды. Ол вакцина алуға тиісті балалардың 91,1%-ын құрайды, — деді департамент басшысы.
Сондай-ақ, брифингке қатысқан Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуалиев дертке 4 жасқа дейінгі балалар жиі шалдығатынын айтты. Жастарына сәйкес инфекцияның тіркелуі бала-бақшалар мен мектептерде де орын алған. Қазіргі таңда қызылша аурушаңдығы бойынша байланыста болғандардың барлығы 21 күнге медициналық бақылауға алынған.
Айта кетерлігі, облыс әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаевтың төрағалығымен «Түркістан облысында қызылша ауруын азайту және одан әрі таралуын болдырмау жөніндегі өңірлік штабының құрамы» бекітілген. Қазіргі таңда облыстағы медициналық ұйымдарда жұқпалы ауруларға арналған төсек-орын саны — 625. Эпидемиологиялық ахуалға байланысты қосымша 407 төсек-орын ашылып жалпы 1 032 төсек-орын бар.
Previous Post

Биыл кезекте тұрған 200-ге жуық түркістандық отбасы баспаналы болады

Next Post

Cауранда көкөніс өңдеу цехы жылына 7 мың тоннадан астам өнім дайындайды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz