Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Берік Асылов Біріккен Араб Әмірліктеріне жұмыс сапарымен барып, онда БАӘ Әділет министрі Абдулла бин Сұлтан бин Ауад әл-Нуаймимен және осы елдің Бас прокуроры Хамад Сейф әл-Шамсимен кездесулер өткізді.
Әріптестер ведомствоаралық ынтымақтастықты кеңейту және халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерін талқылады.
Қазақстанның бас қадағалау органының басшысы өз сөзінде ҚР мен БАӘ ұқсас сын-қатерлер мен қауіптерге тап болатындығын, сондықтан қылмыспен күрес мәселелерін бірлесіп шешу, үздік жұмыс тәжірибесімен үнемі алмаса отырып, заманауи сын-қатерлер мен қауіптерге қарсы тұру ерекше маңызды екенін атап өтті.
Сондай-ақ Қазақстанның Бас Прокуроры қылмыстық-құқықтық саладағы екіжақты ынтымақтастықтың кейбір аспектілеріне, атап айтқанда іздеуде жүрген адамдарды экстрадициялауға және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсетуге тоқталды.
Сонымен қатар араб тарапының заңсыз алынған активтерді қайтару мақсатында оларды іздеу үшін жасанды интеллектті пайдалану тәжірибесі талқыланды.
Сапар нәтижесінде Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы мен БАӘ Әділет министрлігі арасындағы ынтымақтастық бағдарламасына қол қойылды.
Тараптар оны жүзеге асыру қылмысқа қарсы күрес саласындағы халықаралық ынтымақтастықты одан әрі нығайта түсетініне сенім білдірді.