Ордабасы ауданы білім бөлімінің 2024 жылғы жұмыс жоспарына сәйкес «Оқу-тәрбие жұмысын жалпыадамзаттық және қазақ халқының ұлттық құндылықтары негізінде ұйымдастыру әдістемесі» тақырыбында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, педагог-ұйымдастырушылар, сынып жетекшілер бірлестік жетекшілері, қосымша білім беру педагогтарының қатысуымен ақпараттық-оқыту семинары өткізілді.
«Біртұтас тәрбие бағдарламасы», «Ата-аналарды педагогикалық қолдау бағдарламасы» жобасын іске асыру аясында қыздарды инабаттылыққа, ибалылыққа тәрбиелеу, ұлттық құндылықтарға дәріптеу, қазақ қызының бойындағы сұлулығы мен мәдениетінің белгісі ретінде «Білектей арқасында өрген бұрым» айдарымен мектепте күнделікті және түрлі мерекелік шараларда қолданатын шаш өру үлгісі көрсетілді.
Әдіскер Досқара Гүлраушан мен «Бәйтерек» жапы білім беру мекемесі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Нұғманова «Ұлттық құндылықтар – тәрбие әлемінде» сынып сағатын өткізді. Жалпы жұртшылықтан ұлттық құндылықтарымызды қаншалықты білетініне көзжеткізу мақсатында көшеде, дүкендерде сұрақ-жауап жүргізілген бейнероликтер көрсетілді. Семинарға қатысушылармен де осы тақырыпта тренинг өткізілді.
Аудандық білім бөлімінің әдіскері Ұ.Мұратбек «Оқу-тәрбие жұмысын жалпыадамзаттық және қазақ халқының ұлттық құндылықтары негізінде ұйымдастыру әдістемесі» бойынша, С.Мұқанов атындағы жапы білім беру мекемесі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Қойжігіт «Даналық мектебі — тәрбие өзегі» тақырыбында өз мектептеріндегі жұмыстарының жүргізілу барысымен таныстырды. Тәрбие жұмысын жүргізудің озық үлгілерін үйрету мақсатында бірнеше тәжірибелер көрсетілді.
Семинарға қатысушылар өз ой-пікірлерін ортаға салып, белсенділік танытты.
Айта кетейік, бүгінде Ордабасы ауданында 73 мектеп бар. Оның 66-сы мемлекеттік, 7-еуі жекеменшік.Жалпы білім саласына 2023 жылы 34 млрд 828 млн. теңге қаржы қаралған. Қаралған қаржы толығымен игерілді.Мемлекеттік 66 мектептің 52-сі жалпы орта, 2-і негізгі орта, 12-і бастауыш мектеп.Оқушы саны (дайындық тобымен қоса есептегенде) – 37289. 1-ші сыныпқа 3405 оқушы қабылданды.Типтік ғимаратта 50 мектеп, ыңғайластырылған ғимаратта 16 мектеп бар. Екі мектеп саманнан салынған. Апатты мектеп жоқ.
Үш мектепке жаңа ғимараттар салынып пайдалануға берілді. (С.Мұқанов мектебіне 300 орын, З.Исабеков мектебіне 200 орын. Ақбастау мектебіне 100 орын.) Және үш жекеменшік мектеп ашылды (Бадам ауылы, Орда мөлтек ауданынан «Ұлы Орда» және Шұбарсу ауылынан «Көктөбе», «Sia bilim» жекеменшік бастауыш мектептер.). «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы бойынша 2023-2025 жылдары аралығында ауданда 5 мектеп құрылысы жүргізіледі деп жоспарланған. Елшібек батыр ауылындағы «Төрткүлтөбе, Ынтымақ ауылындағы С.Ысқақов атындағы жалпы орта мектептеріне 200 орындық мектеп құрылыстары 2024 жылға ұсынылды. Қаржы қаралған жағдайда құрылыс жұмыстары басталады.
Биылғы жылы екі күрделі жөндеу жұмыстары жоспарланған. Біріншісі, Қажымұқан ауыл округі, Қажымұқан ауылы, С.Ысмайлов атындағы жалпы орта мектебінің күрделі жөндеу жұмыстары 2023 жылы басталып, 2024 жылдың наурыз айында пайдалануға берілді. Жалпы құны 336 млн. теңге. Екіншісі, Қараспан ауыл округі, Көлтоған ауылында орналасқан Е.Ерназаров атындағы жалпы орта мектебінің ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары 2023 жылы маусым айында басталды. 2024 жылға өтпелі нысан болған. Жалпы қажетті қаржысы 714 млн. 280 мың теңге. 2023 жылға қаралған қаржы 428 млн. 600 мың теңгені құрайды. Мердігер мекеме 286 млн. теңгесі 2024 жылға жоспарланған.
Сонымен бірге 2022 жылы ЖСҚ жасалынып, сараптамадан өткен 5 мектептің құжаттары облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасына ұсынылды (1. І.Есенберлин – 992,1 млн. К.Омаров – 716,2 млн. Қ.Сәтбаев – 1 млрд. 008 млн. М.Исламқұлов – 1 млрд. 762 млн.А.Шерімқұлов – 887,2 млн. теңге). 2023 жылы 15 мектепке физика, химия, биология, STEM кабинеттер беру жоспарланған. Бүгінгі күнге облыстық сатып алу басқармасы конкурс өткізген. Биыл жыл соңына дейін алыну қажет болатын. Бірақ анықталған жеңімпаз сотқа шағымдануына байланысты сотта қаралуда. Қаңтар, ақпан айларында сатып алу жоспарлануда.