gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Түркістан облысының оқушылары сабын шығару технологиясын меңгереді

27 января, 2024
in Uncategorized
0
Түркістан облысының оқушылары сабын шығару технологиясын меңгереді
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облыстық білім басқармасына қарасты білім беруді дамыту орталығының 2023-2024 оқу жылына арналған жұмыс жоспарына сәйкес, Түркістан қаласындағы М. Шоқай атындағы №24 жалпы орта мектепте эстетикалық пән мұғалімдеріне арналған эстетикалық пән күндері өтті. Оны Түркістан қалалық және Отырар, Сауран аудандық білім бөлімдерінің эстетикалық пән әдіскерлері ұйымдастырды.

Аталмыш іс-шараға келгендер алдымен Түркістан қаласындағы Төле би атындағы №19 жалпы орта мектептің көркем еңбек пәні мұғалімі, суретші-график Халық Нұрланның жекешығармашылық сурет көрмесін тамашалады. Көрме жұмысына суреші-ұстаздың 30-дан астам графикалық және 20-дан астам ағаштан жасалынған композициялық туындылары қойылып,көрермендер тарапынан жоғары баға алды.

Отырар ауданындағы Т.Ибрагимов атындағы жалпы орта мектептің көркем еңбек пәнінің мұғалімі Кузтаева Лаззат Темирханқызының «Сабын жасау технологиясы» тақырыбында шеберлік сабағын өткізіліп, мектептерде сабақтан тыс үйірме жұмыстарында оқушылармен бірігіп STEM жобасы негізінде түрлі химиялық қоспалардың қосындысымен күнделікті тұрмыста қолданатын сабынды жасаудың әр түрлі технологияларын көрсетті. Ал, өзге мұғалімдер бұл технологияны жоғары бағалап, оны өздерінің білім ұяларында жүзеге асыруға болатындығына көз жеткізді. Сонымен қатар, осындай тәжірибелер жүргізу арқылы өзін-өзі қаржыландыру жүйесін жолға қойып, сол арқылы пәндік кабинетке қажетті материалдарды алуға болатындығы жөнінде ой бөлісті.

Отырар ауданындағы Р.Бердібай атындағы жалпы орта мектептің көркем еңбек пәнінің мұғалімі Өте Жанна «Гипспен жұмыс және 3 Д форматта картина жасау технологиясы» тақырыбында гипспен жұмыс жасаудың әр түрлі технологияларын көрсетіп, эстетикалық пәндердің баланың болашағына тигізер пайдасын дәлелдей түсті.

Эстетикалық пән күндері Түркістан қалалық, Отырар және Сауран аудандық музыка пәні мұғалімдерінің «Қазақстан – біздің жалғыз ғана Отанымыз» атты тақырыпта дайындаған концерттік бағдарламасымен қорытыланды.

Айта кетейік, Түркістан облысында «Жайлы мектеп» жобасы аясында 3 жылда жалпы 63 мектеп салынады (49 мың орын) деп жоспарланған. Биыл 29 мектептің құрылысы басталып, келесі жылы аяқталады. Қалған 34 мектеп 2025 жылы тапсырылады. Мектептердің құрылысы облыс әкімі Дархан Сатыбалдының бақылауына алынған. Арнайы жұмыс тобы құрылып, жұмыс жоспары бекітілген. Әр аудан, қалада мектеп салынатын жер анықталып, инфрақұрылымы тартылып, бірнеше мектептің құрылысы басталып кетті.

Бүгінде облыстағы білім беру саласында 2511 ұйым қызмет көрсетеді. 1372 мектепке дейінгі ұйымда 155 мың бала тәрбиеленуде. 2-6 жастағы балаларды балабақшамен қамту 98%-ды құрайды. Облыста жалпы 1000 мектепте (мемлекеттік – 907, жеке – 93) 515 мың оқушы білім алады.

Өңірдегі 894 мемлекеттік мектептің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жергілікті бюджеттен тиісті қаржы бөлінді. Осы арқылы бейнебақылау, турникет, қоршау, дабыл түймесі орнатылады. Арнайы күзет қызметімен қамтылады.

Сондай-ақ, Түркістан облысында 1-4-сыныптағы оқушыларды тегін тамақпен қамтамасыз ету мәселесі толық шешілді.

Previous Post

Түркістанда сэндвич-панель шығаратын жаңа зауыттың құрылысы басталды

Next Post

Жетісайлық мектеп бітірушілерге бағыт-бағдар берілді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz