gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Жетісайлық мектеп бітірушілерге бағыт-бағдар берілді

27 января, 2024
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Жетісайлық мектеп бітірушілерге бағыт-бағдар берілді
Share on FacebookShare on Twitter

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған кезекті Жолдауында: «Білімнің сапасы – табысты ұлт болудың тағы бір маңызды шарты. Әрбір оқушының білім алып, жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдай жасалуға тиіс. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы қолға алынды. Біз 2025 жылға дейін 800 мың баланың заманауи мектепте оқуына жағдай жасаймыз. Осылайша, апатты жағдайдағы және үш ауысыммен оқитын мектеп мәселесін толық шешеміз. Бұл ауыл және қала мектептерінің айырмашылығын едәуір азайтады. Жалпы, мектеп салу Үкімет және әкімдіктер үшін басты міндеттің бірі болуы керек», — деп, елдегі білім сапасына тоқталып өткен болатын. Ел дамуының болашағы білімді де білікті жастардың қолында. Сондықтан әр оқушының өз кәсібін дұрыс таңдауына жағдай жасау сала мамандарына жүктелген жауапты міндет болып табылады.

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ұлттық тестілеу орталығының директоры Емелбаев Руслан Тохтарбекұлы «Мамандығым-болашағым» жобасы аясында жақында Жетісай ауданындағы мектеп бітірушілерменкездесті. Кездесу барысында Ұлттық тестілеу орталығының директоры Р.Емелбаев ҰБТ форматындағы өзгерістер бойынша баяндама жасап, мектеп бітірушілердің сұрақтарына жауап берді.

Кездесуді модератор Разия Орынбасарқызы жүргізіп отырды. Жиынға ұстаздар, мектеп бітіруші түлектер мен ата-аналар қатысты.

Айта кетейік, кәсіби бағдар мамандығы ашылғанына биыл екі жыл болады. Жиында кәсіби бағдар мамандарының жұмыс жоспары бойынша профериентолог маманы «кім және не істеу керек?» деген сұрақ туындағанда қандай іс-шараларды ұйымдастырып, қандай бағыт-бағдар беруі керектігі де талқыланды. Қазіргі таңда меморандум аясында «Мамандығым-болашағым» тақырыбында ғылыми жоба ұйымдастырылып, аудандағы 74 жалпы білім беретін мектепте жұмыс істеуде.

Нақтырақ айтар болсақ, 2023 жылдың 15 қыркүйегінде «OYAN Group» ЖШС-нің директоры Айдос Жұманазаров пен Жетісай ауданының білім бөлімі атынан Жарғы негізінде әрекет ететін басшы Газиза Шүкірбаева арасында ұжымдық түрде, ынтымақтастық туралы меморандумды жасады. Жалпы мұндағы түпкі мақсат ауданымыздың кәсіби бағдар мамандарымыздың түлектерді ҰБТ форматымен таныстырып, мамандықты дұрыс таңдауына ықпал ету.

Өңірдегі орта мектептердің 154-і қалада, 844-і ауылдық жерлерде орналасқан. Өткен оқу жылында облыстағы барлық мектепте 515 079 оқушы білім алды. Оқыту саласы бойынша 32 мектеп-гимназия, 26 мектеп-лицей, 11 мамандандырылған мектеп-интернаты, 2 білім-инновация лицей-интернаты, 8 ІТ мектеп жұмыс істеді. Сонымен қатар, былтыр облыста 29 491 оқушы мектеп бітіреді. Оның 28 865-і ҰБТ тапсыруға өтініш берді. ҰБТ облыста 5 аудан, қала орталығында орналасқан «USTUDY» тестілеу орталықтарында компьютерлік форматта өткізілді. Тестілеу орталықтарында  12  аудиторияда  600  компьютерлік орын дайындалды.

Ұлттық бірыңғай тестілеу цифрлық форматта өткізіледі. Түлектерге жылына 4 рет сынақ тапсыру мүмкіндігі беріледі. Түлектер қаңтар айынан бастап ЖОО-ға түсуге мүмкіндік беретін тест тапсырып келеді.Мемлекеттік грантқа түсу үшін ҰБТ-ға тіркелу 28 сәуір мен 14 мамыр аралығында болып белгіленсе, ал,  тест тапсыру сынағы 18 мамыр мен 5 шілде аралығында жүргізіледі.

Айта кетейік, былтыр облыс бойынша 9-сыныпты 45 742 оқушы бітірді.

Previous Post

Түркістан облысының оқушылары сабын шығару технологиясын меңгереді

Next Post

Қазығұрт ауданының мұғалімдері тәжірибелік сабақ өткізді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz