gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Білім

Қазығұрт ауданының мұғалімдері тәжірибелік сабақ өткізді

27 января, 2024
in Білім, Жаңалықтар
0
Қазығұрт ауданының мұғалімдері тәжірибелік сабақ өткізді
Share on FacebookShare on Twitter

Қазығұрт аудандық білім бөліміне қарасты Ө.Жамалов атындағы жалпы білім беретін мектепте аудандық тәжірибелік семинар өтті. Онда «Химия және биология пәндерінен оқушылардың зерттеушілік құзыреттілігін дамыту» тақырыбында іс-шара ұйымдастырылып, химия және биология сабағында оқушылардың зерттеушілік қабілетін дамыту арқылы білім сапасын арттырып, педагогтардың кәсіби шеберлігін дамыту мақсат етілді.

Ал, «Мұғалімдердің ғылыми – зерттеушілік құзреттілігін дамыту» тақырыбында мұғалімдерге шеберлік сағатты биология пәнінің мұғалімі А.Сарманова, 7-сынып оқушыларына арналған «Жануарлар қозғалысының маңызы» атты тәжірибелік-зерттеу сабақты Б.Төреқұлова, 8 сынып оқушыларына арналған «Күкірт және оның қосылыстары» тақырыбындағы тәжірибелік-практикалық сағатты химия пәнінің мұғалімі С.Қойлыбаева өтті.

Оқушылардың ғылыми-шығармашылық жұмыстарынан «Жас ғалым» көрмесі ұйымдастырылды.Тәжірибелік семинар қорытындысында аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинет әдіскері С.М. Бердібаева мұғалімдермен ашық сұхбат жүргізіп, пікір алмасты.

Іс-шара соңында аудан оқушыларының биология және химия пәндерінің білім сапасы сараланып, балаларды олимпиалар мен байқауларға тиянақты дайындауда зертханалық сабақтармен практикалық жұмыстардың рөлі үлкен екені атап өтті.

Айта кетейік, Қазығұрт ауданының мектептерінде қазір 37277 оқушы білім алуда. Оның 2650-і – бірінші сынып оқушылары. Өңірдегі өзекті проблемалардың бірі мектептердегі орын тапшылығы екені белгілі. Өткен оқу жылында 7 мектептің, атап айтқанда,  А.Байтұрсынов атындағы жалпы орта мектебіне – 300, Т.Тула атындағы жалпы орта мектебіне – 300, С.Рақымов атындағы жалпы орта мектебіне – 300, Атажұрт (Жаңа Айнатас) елді мекеніндегі мектепке – 100 және Амангелді атындағы жалпы орта мектебіне 150 орынды қосымша мектеп ғимараты салынған болатын.Сонымен қатар, 200 орынды П.Тәжібаева атындағы жалпы орта мектебі мен 200 орынды Сырлысай елді мекеніндегі жалпы орта мектептердің құрылысы басталған болатын.

Аудандық білім бөліміне қарасты 20 мектепке 4711 тонна қатты отын, 7 мектепке 352,2 мың литр сұйық отын, 46 мектепке 1 346,3 мың текше метр табиғи газ берілуі жоспарланған-ды. Биыл 6 мектепті қатты отыннан табиғи газға ауыстыруға бюджеттен 149 млн. 813,2 мың теңге бөлінді. Қазіргі таңда төрт мектеп табиғи газға қосылды.

Білім мекемелеріндегі оқушылардың қауіпсіздігі – басты назарда. Яғни ауданда 70 мемлекеттік мектеп толығымен бейнебақылау жүйесімен қамтамасыз етілген.Алдағы уақытта аудан мектептеріне тағы да 80 дана бейнебақылау құрылғыларын сатып алу үшін бюджеттен 64 млн. 475 мың қаржы бөлініп отыр.

Бүгінде ауданның білім беру ұйымдарын мамандандырылған күзетпен қамту үшін  қыркүйек-желтоқсан айларына 39 мектепке 48 млн. 360 мың теңге қаражат бөлініп, ол мемлекеттік сатып алу порталы арқылы жарияланған.

Сондай-ақ, оқушыларының саны 700-ден көп 11 мектепке турникеттер орнату үшін бюджеттен 24 млн. 420 мың теңге қаралып, мемлекеттік сатып алу басқармасына ашық конкурс өткізу үшін өтініш берілген.

Аудандағы 18 мектептің сыртқы қоршауларын қалпына келтіруге 264,2 млн.теңгеге жуық қаражат жұмсалған.

– Ауданда мектебі жоқ 8 елді мекенде  627 мектеп жасындағы бала бар. Олар жақын маңдағы мектептерге қатынап оқиды. Оларды тасуға 9 автокөлік ұйымдастырылған. Бұл үшін қыркүйек-желтоқсан айларына 19 млн. 707 мың теңге бөлінген. 2023-2024 оқу жылында 627 оқушыны тасымалдау үшін Қазығұрт ауданында  мемлекет тарапынан  берілген 20 орынды

4 автобус, 38 орынды 1 автобус және мердігерлер есебінен алынған 3 автокөлік қызмет көрсетеді, – дейді аудандық білім бөлімінің қызметкерлері.

Previous Post

Жетісайлық мектеп бітірушілерге бағыт-бағдар берілді

Next Post

Жетісайлық оқушы жүлдемен оралды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz