gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Білім

Жетісайлық оқушы жүлдемен оралды

27 января, 2024
in Білім, Жаңалықтар
0
Жетісайлық оқушы жүлдемен оралды
Share on FacebookShare on Twitter

Жетісай ауданының білім бөліміне қарасты №10 «Қайнар» мектеп-гимназиясының 11- сынып оқушысы Қайып Аяжан республикалық пән  олимпиадасында жүлделі II-орынға ие болды.Оқушы бойындағы ілім-білімге деген үлкен құштарлықты байқап, оны дамыта білген Жетісай ауданының үздіктер қатарындағы шебер педагог — Ташева Болсынай.

Айта кетейік, бүгінде Жетісай ауданында 251 білім беру ұйымы бар. Оның ішінде84  жалпы орта білім беру ұйымының 74-і мемлекеттік,  10-ы жекеменшік. Одан бөлек, ауданда 3 қосымша білім беру ұйымы жұмыс істейді.Мектептерде 5 526 педагог жұмыс істейді.

Ауданда мұғалімдердің біліктілігін арттыруға ерекше көңіл бөлінуде. Педагогикалық шеберлік орталығында 272 мұғалім, Өрлеу біліктілікті арттыру ұлттық орталығында1694 мұғалім қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстарынан өтті.

«Жайлы мектеп» білім беру саласындағы пилоттық ұлттық жобасына Жетісай ауданында 6 нысан құрылысын қолға алу жоспарланған болатын.2023 жылыЖетісай қаласындағы 1500 орындық,Асықата кентіндегі 900 орындық, Ынтымақ ауыл округіндегі Ақниет ауылында 600 орындық жайлы мектептің құрылысы басталды.Мектептерде оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатындаЖетісай ауданының білім бөліміне қарасты 74 жалпы және негізгі орта білім беру мекемелері толығымен  бейнебақылау жүйелерімен қамтылған. Бүгінгі таңда  36 мектептің бейнебақылау камералары ІІБ қосылған.

Реті келгенде аудан оқушыларының жетістіктері жайлы да айта кетейік. Айталық, 2023 жылы 2907 мектеп бітіруші түлектің 1219-ы мемлекеттік грант иегері атанса, «Алтын белгі»  иегері 173 және «Үздік аттестат» 207 иегері атанды.

«Мектептерге арналған PISA» халықаралық зерттеу сынағына ауданда  8 мектеп қатысты. Соның ішінде осы  зерттеудің  бағалау  күрделілік  деңгейлері  бойынша Б.Момышұлы  атындағы №6 мектеп-гимназиясы оқу сауаттылығы мен математикалық сауаттылық бойынша 3-деңгейді, жаратылыстану бағыты бойынша 2-деңгейді бағындыра  алды.

Жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 сынып оқушыларына арналған Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінде жалпы 23 оқушы 16 жүлделі орынмен, 7 оқушы мақтау қағаздарымен марапатталды. Жалпы білім беретін пәндер бойынша 5- 6 сынып оқушыларына арналған Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінде 10 оқушы жүлделі орындарға ие болды. Республикалық кезеңінде Д.Қонаев атындағы ІТ мектеп лицейінің оқушысы «Мақтау» қағазымен марапатталды.

ХІІІ Президенттік олимпиаданың облыстық кезеңінде 2 оқушы, Республикалық кезеңінде Шермахамбет Сымбат — Аманкелді атындағы №19 жалпы білім беретін мектеп ІІ орын иеленді. Қ.Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен республикалық олимпиадасы, «Абайтану» қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен республикалық олимпиадасы, «Жарқын болашақ»  республикалық олимпиадасы, «А.Байтұрсынов — ұлтымыздың ұлы ұстазы» облыстық ғылыми жобалар байқауы, республикалық М.Мақатаев оқулары, республикалық  «Жыр алыбы — Жамбыл» атты  жас ақындар айтысы, республикалық «МәшҺүр Жүсіп оқулары» байқауы, республикалық «Мағжан оқулары» байқауының республикалық кезеңі, «Әбіш оқулары» байқауы, Республикалық ХХІҮ Абай оқулары, Республикалық ІХ «Ақберен» өнер байқауларының облыстық және республикалық кезеңдерінде, Республикалық «Ясауитану» байқауы, «Балалар оқуларында» оқушыларымыз жүлделі орындарды иеленді. «IQanat» олимпиадасының республикалық кезеңінде № 10 «Қайнар» мектеп-гимназиясының оқушысы Құттыбек Ержігіт Ғалымжанұлы, № 17 «Түркістан» жалпы орта мектебінің оқушысы Әуелбек Балжан Ниязбекқызы, Н.Исмайлов атындағы № 45 жалпы орта мектебінің оқушысы Жаңабай Даниял Құрбанбайұлы IQanat High of Burabay мектебінің оқу грантының иегері атанды.

Ауыл мектептерінің балаларына арналған«Мың бала»олимпиадасында 7 оқушы жеңімпаз атанды. Ал, «Бастау»ХVІ республикалық математикалық олимпиаданың облыстық кезеңінде3 орынды, Республикалық кезеңінде М.Горький гимназия- мектебінің оқушысы жүлделі 2 орынды иеленді.

Previous Post

Қазығұрт ауданының мұғалімдері тәжірибелік сабақ өткізді

Next Post

Сауран ауданының мұғалімдері оқушыларды құмар ойындардан аулақ болуға шақырды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz