gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Білім

Сауран ауданының мұғалімдері оқушыларды құмар ойындардан аулақ болуға шақырды

27 января, 2024
in Білім, Жаңалықтар
0
Сауран ауданының мұғалімдері оқушыларды құмар ойындардан аулақ болуға шақырды
Share on FacebookShare on Twitter

Сауран ауданындағы №2 жалпы орта мектепте ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының ұйымдастыруымен 1-4 сыныпта оқитын оқушылардың ата-аналарына «Құмар ойындары – тәуелділік қақпаны» атты тақырыпта сынып сағаты өткізілді. Онда «балалардың компьютерлік ойындарға тәуелділігін қалай жеңуге болады?» деген сұрақ төңірегінде ой қозғалып, ата-аналар мен ұстаздар пікір алмасты.

Сонымен қатар, психологиялық тренинг, ситуациялық сұрақтар және дидактикалық ойындар арқылы балаларды құмар ойындар мен компьютер ойындарына тәуелді болудан сақтауға болатыны айтылды. Ата-аналар сынып сағатында белсенділік танытып, алдағы уакытта да ата-ана, оқушы, мұғалім арасындағы ынтымақтастықты арттыру бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде бірге ұйымдастыруға уағдаласты.

Айта кетейік, бүгінде Сауран ауданында 54 (12 жекеменшік) мектеп бар. Онда 3 мыңнан астам педагог жұмсы істейді. Педагогтардың 51-і «педагог-шебер», 507 -сі «педагог-зерттеуші», 813 -і «педагог-сарапшы», 756-сы «педагог-модератор», 1071–і «педагог»санатын иеленген. Өткен жылы біліктілік арттыру курсынан өту үшін 734 педагогке сұраныс беріліп, барлығы курстан толықтай өтті. «Өрлеу» БА орталығы АҚ Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша кәсіби даму институты ұйымдастырған курстарда 473, Педагогикалық шеберлік орталығы базасында 163 педагог, Адамның үйлесімді дамуы ұлттық институты тарапынан ұйымдастырылған курстарда 98 педагог  біліктілік арттыру курстарынан өтіп, білімдерін жетілдірді.

Previous Post

Жетісайлық оқушы жүлдемен оралды

Next Post

Түлкібастық тәрбиешілер авторлық бағдарламаларын таныстырды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz