gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Білім

Түлкібастық тәрбиешілер авторлық бағдарламаларын таныстырды

27 января, 2024
in Білім, Жаңалықтар
0
Түлкібастық тәрбиешілер авторлық бағдарламаларын таныстырды
Share on FacebookShare on Twitter

Түлкібас аудандық білім бөлімі жанындағы әдістемелік кабинеттің әдіскері М. Құлмағанбетова «Қарлығаш» бөбекжай-бақшасында «Ертегі терапиясы арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық әлеуеті мен қабілеттерін дамыту құралы» тақырыбында аудандық семинар өткізді.

Іс-шараның мақсаты ертегі терапиясы арқылы мектеп жасына дейінгі  балалардың тілін дамыту, сөздік қорын молайту, байланыстырып сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, баланың қиялын және шығармашылық ойлау қабілетін арттыру болды.

Тәжірибелік семинарда аталған мекеменің педагог-психологы Н.Нұрлыбаева «Ертегі терапиясы» атты авторлық бағдарламасын көпшілік назарына ұсынып, таныстырды. «Арайлым» бөбекжай-бақшасының педагог-психологы А.Қалдарова «Бала мен ата-ана қарым-қатынасы» тақырыбында ата-аналармен тренинг өткізді. «Балдырған» бөбекжай-бақшасының педагог- психологы Р.Тулегенова «Мектеп жасына дейінгі балаларға ертегі терапиясын қолдану арқылы шығармашылық ойлауын дамыту» тақырыбында педагогтармен рөлдік ойындарды сахналау әдісімен тренинг жүргізді.

Іс-шараға қатысқан ұстаздар қорытынды кезеңде өз ойларымен бөлісті.

Айта кетейік, бүгінде ауданда 51 мектепке дейінгі ұйымдар жұмыс істейді. Оның 15 мемлекеттік балабақша болып табылады. Онда қазір 2003 бала, ал жекеменшік 33 балабақшада — 3843 бала,3 шағын орталықта–100 бала тәрбиеленуде. Ауданда барлығы 5946 бала балабақшаға барады. Мектепке дейінгі ұйымдар бейнебақылау камераларымен  100 пайыз қамтамасыз етілген.

Previous Post

Сауран ауданының мұғалімдері оқушыларды құмар ойындардан аулақ болуға шақырды

Next Post

Шардаралық ұстаздар қауіпсіздік ережелерімен танысты

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz