gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Білім

Шардаралық ұстаздар қауіпсіздік ережелерімен танысты

27 января, 2024
in Білім, Жаңалықтар
0
Шардаралық ұстаздар қауіпсіздік ережелерімен танысты
Share on FacebookShare on Twitter

Шардара ауданындағы «Шардара» мектеп-лицейінде І ауысым оқушылары мен мұғалімдердің жер сілкінісі кезіндегі дайындығын арттыру, эвакуациялық шараларға дағдыландыру, қауіптің алдын алу мақсатында жергілікті уақыт бойынша сағат 12:00-де дабыл қағылып, оқушылар мен мұғалімдер қауіпсіз аймаққа шығарылып, қауіп-қатерге дайын болуды, кез келген апатты жағдай туындағанда бірден іс-әрекетке көшуді, яғни жер сілкінісі бойынша сейсмо-жаттығу өтті.

Жаттығу барысында аталған білім ордасының басшысы мектеп-лицей директоры Сапаров Жанат Әуелтайұлы, оқушылар мен мұғалімдердің қауіпсіз аймаққа жиналғандығы туралы жадынамалармен таныстырып, жиналған көпшілік алдында бұл сейсмикалық жаттығудың мән-маңызын айтып, қауіптің алдын алу үшін мұндай жаттығулар тұрақты жүргізілетінін айтып өтті.

Сонымен қатар алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Жүрсінов Бақдәулет мектеп-лицей ұжымы мен оқушыларды жер сілкінісі кезіндегі сақтау қажет болатын қауіпсіздік ережелерімен таныстырды. Пән мұғалімдері төтенше жағдайлардың алдын алу ережелерімен танысқаны жөнінде баяндады.

Айта кетейік, бүгінде Шардара ауданында 31 мектеп бар. Онда 19515 оқушы білім алуда. Ал, 41 балабақшада (17 мемлекеттік, 23 жеке меншік, 1 шағын орталық) 4636 бүлдіршін тәрбиеленуде.

Мектептердің информатика кабинеттері 3837 компьютермен жабдықталған, соның нәтижесінде 1 компьютерді пайдаланатын оқушы саны 5,47 бірлікке жетті. Аудан мектептерінің телефонмен байланысы және интернет желісін пайдалану 31 мектептің барлығында орнатылған.

Өткен жылы «Шардара мектеп-лицейіне» облыстық бюджеттен 254,9 млн теңге қаржы қаралып, ғимарат күрделі жөндеуден өтті.30 мектепке 83,7 млн теңге қаржы қаралып, ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.Сонымен қатар, 2023-2025 жылдар аралығында «Жайлы мектеп» жобасы аясында ауданда 2 мектептің құрылысын жүргізу қолға алынды. Жобаға сәйкес, 1500 оқушы заман талабына сай мектеппен қамтылады деп жоспарланған (Шардара қаласындағы 4-ші мөлтек ауданына 1200 орындық, Өтеғұл мөлтек ауданына 300 орындық). Аталған мектептерге жер телімдерінің мемлекеттік актілері және тиісті техникалық шарттары алынып рәсімделді.

Previous Post

Түлкібастық тәрбиешілер авторлық бағдарламаларын таныстырды

Next Post

Саурандық мұғалімдер сайысқа түсті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz