Сауран ауданының білім бөліміне қарасты жалпы білім беретін мектептердегі математика пәнінің мұғалімдеріне арналған «Математикалық регата» республикалық олимпиадасының аудандық кезеңі өтті. Олимпиадаға 60 мұғалімді қамтыған 15 команда қатысты. Төрт кезеңнен тұратын олимпиаданың негізгі мақсаты педагогтің кәсіби қызметінде жоғары нәтижелерге жетуде ұмтылысын арттыру, педагогтердің кәсіби дағдыларын жетілдіру, шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдерді анықтау, бәсекеге қабілеттілігін арттыру болды. Бәсеке барысында жеңіс тұғырынан көрінген педагогтер олимпиаданың облыстық кезеңіне ұсынылады.
Айта кетейік, бүгінде Сауран ауданындағы білім беру мекемелерінде 3474 мұғалім жұмыс істейді. Олардың арасында арнаулы білімді педагог жоқ.
Ұстаздардың білім деңгейін арттыруда мемлекет өз қамқорлығын танытуда. Қазіргі таңда аудандағы мұғалімдердің 51-і «педагог-шебер», 507-і «педагог-зерттеуші», 813-і «педагог-сарапшы», 756-ы «педагог-модератор», 1071–і «педагог»санатын алған. Былтыр біліктілік арттыру курсынан өту үшін 734 педагогке сұраныс беріліп, барлығы курстан өтті. Бұл 100 пайызды құрады.
«Өрлеу» БА орталығы АҚ Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша кәсіби даму институты ұйымдастырған курстарда 473, Педагогикалық шеберлік орталығы базасында 163 педагог, Адамның үйлесімді дамуы ұлттық институты тарапынан ұйымдастырылған курстарда 98 педагог біліктілік арттыру курстарынан өтіп, білімдерін жетілдірді.
Бөлімге қарасты 54 мектеп болса, оның ішінде 36 жалпы орта мектеп, 1 негізгі мектеп, 5 бастауыш. Сонымен қатар, 12 жекеменшік мектеп жұмысістейді. Онда 25 634 оқушы білім алады. 3335 ұстаз мұғалімдік қызмет атқарады.
Қазақстан Республикасының жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты ҚР Білім және ғылым министрлігінің «ҚР жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын бекіту туралы» 2012 жылғы 08 – қарашадағы №500 бұйрығына және Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында оқыту Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты негізінде және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген оқу бағдарламалары арқылы жүзеге асырылып, мемлекеттік стандарт толық орындалды.
Нәтижесінде 2022-2023 оқу жылында бөлімге қарасты 48 жалпы білім беретін мектептер жалпыға міндетті стандарт талаптарын орындауда жоғары көрсеткіштер көрсетті. Атап айтқанда мектептердегі үлгерім пайызы – 100, білім сапасы 66 пайыз, орта балл – 3,6 пайызды құрады. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 1 пайызға жоғары.
Ауданымызда мектепке қабылдау жұмыстары толық автоматтандырылып, «mektep.smartnation.kz» порталы арқылы жүргізілді. 2022-2023 оқу жылында бөлімге қарасты мектептердің 1 сыныпқа 2372 оқушы қабылданды. Аудан бойынша былтырғы жылы 1335 түлек мектеп бітіріп, 1052 оқушы ҰБТ-ға қатысты. ҰБТ нәтижесінде жалпы орта балл 72,8 баллды құрап, 60 оқушы «Алтын белгі» иегері атанды.
2022-2023 оқу жылында 6 мектеп мемлекеттік аттестаттаудан сәтті өтіп, 4,9,11 сынып оқушылары жоғары білім деңгейін көрсетті.