gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Білім

Ата-аналар мектептің тыныс-тіршілігімен танысты

27 января, 2024
in Білім, Жаңалықтар
0
Ата-аналар мектептің тыныс-тіршілігімен танысты
Share on FacebookShare on Twitter

Сауран аудандық білім бөліміне қарасты Әшірбек Сығай атындағы жалпы орта мектепте «Жақсы бала — ата-ана қуанышы, мектеп мақтанышы» тақырыбында «Ашық есік күні» өтті.

Іс-шараның мақсаты мектеп мұғалімдері мен ата-аналардың арасындағы байланысты нығайту болды. Сонымен қатар, ашық есік күніне келген ата-аналарға оқушыларға сапалы әрі озық технологиялармен білім беруде қолдануға берілген заманауи үлгідегі құралдармен жабдықталған мектеп кешенін таныстыру да назардан тыс қалған жоқ.

«Қазақстан халқына» қоры, Білім беру саласын тұрақты дамыту қоры және Назарбаев Зияткерлік мектептерінің бірлескен «Ауылдық аймақтардағы тірек мектептердің әлеуетін дамыту» жобасына еніп, мектеп материалдық-техникалық тұрғыдан қайта жабдықталды. «Ашық есік күніне» Алматы қаласында тұратын драматург, театр сыншысы Ә.Сығайдың ұлы Төребай Қанат Әшірбекұлы, ХҚТУ оқытушысы, профессор, композитор Б.Сердәлі, ауыл әкімі, ауыл ақсақалдары, ата-аналар қатысып, аталған мектептің тыныс-тіршілігімен танысты.

Айта кетейік, Сауран ауданында 54 (12 жекеменшік) мектеп, 41 (28 жекеменшік) балабақша жұмыс істейді. 3 мыңнан астам мұғалім оқушыларға дәріс береді. Оның ішінде арнаулы білімді педагог жоқ.

Ұстаздардың білім деңгейін арттыруда мемлекет өз қамқорлығын танытуда. Бүгінде аудандағы ұстаздардың 51-і «педагог-шебер», 507-і «педагог-зерттеуші», 813-і «педагог-сарапшы», 756-сы «педагог-модератор», 1071–і «педагог» санатын алған. Өткен жылы біліктілік арттыру курсынан  өту үшін 734 педагогке сұраныс беріліп, барлығы курстан өтті. Бұл 100 пайызды құрады. «Өрлеу» БА орталығы АҚ Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша кәсіби даму институты ұйымдастырған курстарда 473 педагог, педагогикалық шеберлік орталығы базасында 163 педагог, адамның үйлесімді дамуы ұлттық институты тарапынан ұйымдастырылған курстарда 98 педагог біліктілікті арттыру курстарынан өтіп, білімдерін жетілдірді.

Бөлімге қарасты  54 мектеп болса, оның ішінде 36 жалпы орта мектеп, 1 негізгі мектеп, 5 бастауыш,  12 жекеменшік мектеп жұмыс істейді. Онда 25 634 оқушы білім алады. 3335 ұстаз мұғалімдік қызмет атқарады.

Өткен оқу жылында аудандық білім бөліміне қарасты 48 жалпы білім беретін мектеп жалпыға міндетті стандарт талаптарын орындауда жоғары көрсеткіштер көрсетті. Атап айтқанда мектептердегі үлгерім пайызы – 100, білім сапасы 66 пайыз, орта балл – 3,6 пайызды құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1 пайызға жоғары.

2022-2023 оқу жылында 6 мектеп мемлекеттік аттестаттаудан сәтті өтіп, 4,9,11 сынып оқушылары жоғары білім деңгейін көрсетті.

Ағымдағы жылдың қорытындысы бойынша Сауран ауданы бойынша мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының желісі 52 бірлікті құрады. Соңғы 3 жылмен салыстырғанда балабақша саны 12 балабақшаға өсті. Оның ішінде жекеменшік балабақшалардың үлесі 68,2 пайызды құрады.

Жалпы бөлімге қарасты 41 мектептің 36-сы кітапханамен қамтамасыз етілген. 5 бастауыш мектепте кітапхана жоқ. Республикалық «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында  «Кітапханаға кітап сыйла» акциясы ұйымдастырылып, 650 әдеби кітап сыйға берілді. Мектеп кітапханаларын автоматтандыру мақсатында «Е-КІТАПХАНА» портфолиосы енгізілді.

Өткен оқу жылында республикалық олимпиадасының  облыстық кезеңінде 41 оқушыдан 18 оқушы жүлделі орын, 5 Алғыс хат иеленді.

Инклюзивті оқыту бойынша  білім бөліміне қарасты 42 мектепте   0-18 жас аралығындағы ерекше оқытуды қажет ететін балалар саны – 957. 7-18 жас аралығындағы — 630,  оның ішінде 151 оқушы инклюзивті біліммен қамтылса, 182 оқушы үйде оқып тәрбиеленеді. Үйде оқытылатын оқушылар компьютер, оқулықпен қамтылған.

Previous Post

Саурандық мұғалімдер сайысқа түсті

Next Post

Мақтааралдық Мищанчук Антонинаның мерейі үстем

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz