gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Білім

Мақтааралдық Мищанчук Антонинаның мерейі үстем

28 января, 2024
in Білім, Жаңалықтар
0
Мақтааралдық Мищанчук Антонинаның мерейі үстем
Share on FacebookShare on Twitter

Мақтаарал аудандық білім бөліміне қарасты А.С. Пушкин атындағы №3 жалпы орта мектептің 11-сынып оқушысы Мищанчук Антонина республикалық ауыл олимпиадасының үшінші кезеңінде жүлделі II-орынды иеленді. Жетекшісі – орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ким Инна Анатольевна. Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің сертификатын жеңіп алған Мищанчук Антонинаға толағай табыс тілейміз.

Орайы келгенде Мақтаарал ауданы оқушыларының жетістіктерімен бөлісе кетейік. Айталық, жақында облыстық білім басқармасына қарасты облыстық дарынды балаларды анықтау және қолдау орталығының ұйымдастыруымен Түркістан қаласындағы Абай атындағы орта мектебінің базасында республикалық «Зерде» жас ізденімпаздардың ғылыми жоба конкурсының облыстық кезеңі өткен болатын. Осы сында өлкетану секциясынан «Болашақ» жалпы білім беретін мектептің 2-сынып оқушысы Раяна Беркінбек ІІ орынды иеленді. Ал, туризм және спорт секциясынан Абылай хан атындағы жалпы білім беретін мектептің 3-сынып оқушысы Ақбота Катешова мақтау қағазымен марапатталды. Математика секциясынан «Мырзакент» мектеп-гимназиясының 5-сынып оқушысы Александра Филимонова ІІІ орыннан, робототехника секциясынан «Мақтаарал» мектеп-гимназиясының оқушылары Довронов Жонибек пен Шишкин Анатолий ІІІ орыннан, химия секциясынан 7-сынып оқушысы Амина Самат ІІІ орыннан, этномәдениеттану секциясынан 7-сынып оқушысы Фаина Нам ІІ орыннан, технология және өнер секциясынан Абай атындағы жалпы білім беретін мектептің 7-сынып оқушысы Назерке Жақсылық ІІ орыннан көрінді. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен «Бірлік» жалпы білім беретін мектептің 7-сынып оқушысы Асел Оразалиева мақтау қағазын иеленді.

2023-2024 оқу жылында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар сайысының облыстық кезеңі Шымкент қаласындағы «Jana Daur» мектеп-интернатының базасында өтті. Осы сында ауданымыздың Рамазан Ябаев, Әсем Құдайбергенова, Ақжелкен Берікбай, Гүлжайна Ғанибаева, Тоқжан Есет, Әбсұлтан Қалижан,  Жазира Мұхтарқызы секілді шәкірттері мерейімізді үстем етті.

«Тарих өткелдеріндегі қазақтың үш биі» сахналық байқаудың республикалық кезеңінде С.Рахымов мектебінің «Балалықтан даналыққа» атты командасы бас жүлдені жеңіп алды. Шешендік сөздерді жатқа айтудан Ы.Алтынсарин ЖББМ 9-сынып оқушысы Несібелі Анарбай бас жүлдені, Абылай хан ЖББМ 11-сынып оқушысы Іңкәр Үмбетова І орынды иеленді. Сонымен қатар мақтааралдық оқушылар «Ақберен» республикалық өнер байқауынан екінші орынмен оралды. «Абай оқулары» республикалық байқауында Айдана Басымбек  бірінші орынды иеленді. Айта берсек, мұндай мысалдар мыңдап саналады.

Сондай-ақ,  Пәтима Әбдікәрімова,  Нұргүл Рысбекова, Жазира Нұржанова, Айгүл Жорабаева, Ақниет Лесбай, Нұрсұлу Ярмухамедова сынды педагогтар да аудан даңқын аспандатып жүр.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 30 қарашадағы №963  қаулысына сәйкес «Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасы аясында аудан аумағына 5 жайлы мектеп салынуы тиіс. Олар Ж.Нұрлыбаев ауылдық округіндегі Ынталы, А.Қалыбеков ауылдық округіндегі Үлгілі елді мекендерінде, Жамбыл ауылдық округінен және Атакент кентінен орын теппек. Қазіргі таңда  Атакент кентіндегі 1500 орынды және Үлгілі елді мекеніндегі 600 орынды жайлы мектептердің құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде.

Ал, 2024-2025 жылдары Атакент кентінен 900 орынды және Жамбыл ауылдық округі, Абай елді мекенінен 900 орынды мектептердің құрылысы басталады. Жайлы мектептердің басты ерекшелігі, олар бірыңғай стандарттар бойынша жобаланады. Яғниолмектептерауылда да, қалада да жаңабірыңғай стандарт бойынша салынады. Бастауыш және жоғары сынып оқушылары мектепте бөлек блоктарда оқиды. Әр блокта оқу кабинеттері, дәретханалар, спорт залдары болады. Ерекше қажеттіліктері бар балалар үшін де қолайлы жағдай қарастырылады. Зәулім мектептер заманауи интерьер бойынша жобаланып, безендірілуі талғамға сай болады.

Сондай-ақ, пәндік кабинеттер, компьютерлік сыныптар, зертханалар мен шеберханалар – бәрі бірыңғай стандарттар негізінде жабдықталады. Оқушыларға ыңғайлы болу үшін трансформер-парталар қойылады. Тынығу алаңдары болады. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге де барлық жағдай жасалады. Дабыл түймесі, бейнебақылау жүйесі орнатылады.

«100 ата-ана, 100 оқушы болашаққа» тақырыбында білім беру ұйымдарында ата-аналар мен оқушыларға психологиялық сүйемелдеу көрсету, ақпараттық насихат жұмыстарын өткізу бойынша іс-шара жоспары түзіліп, бекітілді. Мектептерде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, педагог-психологтар және сынып жетекшілері  әрбір оқушының ата-аналарымен тығыз байланыс орнатқан.

Previous Post

Ата-аналар мектептің тыныс-тіршілігімен танысты

Next Post

Сайрамдық мұғалімдер ұлтаралық татулықты насихаттады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz