gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Сайрамдық мұғалімдер ұлтаралық татулықты насихаттады

28 января, 2024
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Сайрамдық мұғалімдер ұлтаралық татулықты насихаттады
Share on FacebookShare on Twitter

Сайрам ауданы Қарабұлақ ауылында орналасқан №10 «Қарабұлақ» жалпы орта мектебінің мәжіліс залында «Ұлтаралық татулық – дамудың басты кепілі» тақырыбында ақпараттық-насихаттық тобының мүшелері мен этнос жастары арасында кездесу өтті.

Іс-шараның мақсатэтнос жастарының татулық, бірлік, ынтымақ туралы түсініктерін кеңейту болды.Кездесуге Сайрам аудандық Қоғамдық кеңесінің төрағасы Мұрат Есалиев, аудандық білім бөлімнің әдіскері Төлеп Садықов, Қарабұлақ ауылдық өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы Ахмедов Абдурасул, теолог маманы Жангелді Битанов, кәсіби медиатор Сайера Даванова, «Жастар ресурстық орталығы» КММ-ң басшысының орынбасары Алмас Бағдатұлы қатысты.

Сайрам аудандық Қоғамдық кеңесінің төрағасы М.Есалиев өз сөзінде: «Күнделікті міндеттерден бөлек, ұзақ мерзімге арналған мақсаттарға ден қоюдың мәні зор» дей келе, жастарға сәттілік тіледі. Бұдан соң сөз алған Ж.Битанов әлеуметтік желінің жастарға кері әсері туралы айтып, «Кітап оқуды жастардың өзіндік көзқарасы мен дүниетанымына әсер етуші факторлардың бірі ретінде қарастырған жөн», – деді.

Басқосу барысында жоғарыда аталған тақырыптар төңірегінде ой қозғалып, ұсыныс-пікірлер тыңдалды.

Орайы келгенде айта кетейік, Сайрам ауданында «Жайлы мектеп» жобасы аясында бірнеше мектеп салу көзделіп отыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 14 шілдедегі кеңейтілген отырысында берген тапсырмасын орындау мақсатында «Жайлы мектеп» Ұлттық пилоттық жобасын іске асыру үшін 2023-2025 жылдар аралығында Сайрам ауданында бірнеше мектеп салу жоспарланған болатын.

«Жайлы мектеп» жоба аясында 2023-2024 жылдар аралығында Ақбұлақ ауылында 600 орынды мектептің құрылысы бастау алмақ. 2024 жылы Ақсу ауылында және Қарасу ауылдық округіндегі Қарасу ауылында 600 орындық мектептер салу жоспарланған. Жаңа мектептердің құрылыстары есебінен үш ауысымда оқытылатын және оқушы орны тапшылығы бар мектептердің мәселесі шешілетін болады. Сала мамандарының мәлімдеуінше, қазіргі таңда бұл мектептердің құрылысын жүргізу үшін барлығына мемлекеттік жер актісі алынған.

Жалпы «Жайлы мектеп» жобасына ауданнан әзірге үш ғана мектеп кіріп отыр. Оған арнай жер қаралып, құжаттары әзірленіп құрылыс басқармасына өткізілген.

Previous Post

Мақтааралдық Мищанчук Антонинаның мерейі үстем

Next Post

Түлкібастық әдіскерлер «Таңшолпанның» тәрбиешілеріне дәріс өтті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz