gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Білім

Түлкібастық әдіскерлер «Таңшолпанның» тәрбиешілеріне дәріс өтті

29 января, 2024
in Білім, Жаңалықтар
0
Түлкібастық әдіскерлер «Таңшолпанның» тәрбиешілеріне дәріс өтті
Share on FacebookShare on Twitter

Түлкібас аудандық білім бөлімінің мектепке дейінгі білім беру әдіскері Ж.Буралхиеваның ұйымдастыруымен “Таңшолпан” бөбекжай-бақшасы” МКҚК базасында “Ұлттық құндылықтар — тәрбиенің түп қазығы” тақырыбында аудандық ақпараттық-оқыту семинары өтті.

Ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, ұлттық мүдденің өркендеуіне үлес қоса алатын, ұлттық құндылықтар мен жалпы адамзаттық құндылықтарды өзара ұштастыра алатын ұлтжанды тұлғаны тәрбиелеу мақсатында өткен семинарға аудандық білім бөлімінің әдіскері Ж.Буралхиева, мобильді топ мүшелері Р.Лепесханова, А.Толемисова, балабақша тәрбиешілері, аудан орталығындағы мектептердің МАД тобының тәрбиешілері қатысты.

Іс-шара барысында ақпараттық технология (флипчарт сабақтардың) элементтері, эксперименттік жұмыстар, ұлттық құндылықтар бойынша материалдар кеңінен қолданылды. Балалар ұйымдастырылған ойындарға белсенді түрде қатысты. Семинарға қатысқан қонақтар өз алғыстарын білдіріп, балабақша әкімшілігіне және барлық педагог-тәрбиешілердің жұмыстарына сәттілік тіледі.

Айта кетейік, бүгінде Түлкібас ауданында 51 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді. Оның  15-і мемлекеттік балабақша. Онда 2003 бала, ал 33 жекеменшік  балабақшада  3843 бала тәрбиеленуде. 3 шағын орталықта 100 бала бар. Барлығы 5946 бала тәрбиеленуде.

Previous Post

Сайрамдық мұғалімдер ұлтаралық татулықты насихаттады

Next Post

Қазығұрттық ұстаздар оқушылардың сабаққа деген ынтасын оятуға күш салуда

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz