Қазығұрт аудандық білім бөліміне қарасты Абай жалпы орта мектебінің базасында информатика пәнінің мұғалімдеріне арналған аудандық онлайн оқыту семинары өтті.
«Сабақты ұйымдастырудың тиімді әдіс тәсілдері» атты тақырыпта өткен іс-шараның мақсаты сабақты ұйымдастыруда және оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыруда оқытудың жаңа технологиясын қолдана отырып, тиімді әдіс-тәсілдер арқылы оқушы қызығушылығын арттыру, өз тәжірибесінде жаңаша әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы білім сапасын көтеру, мұғалімнің шығармашылық қабілетін дамыту болды.
Семинарға аудандық білім бөліміне қарасты білім беру ұйымдарының информатика пәнінің мұғалімдері онлайн қатысты. Аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинеттің әдіскері Ж.Анарбаева қатысушылармен кері байланыс орнатып, сабақ өткен ұстаздарға алғысын білдірді.
Айта кетейік, қазіргі таңда Қазығұрт ауданының мектептерінде 37277 оқушы білім алуда. Өңіріміздегі өзекті проблемалардың бірі мектептердегі орын тапшылығы екені белгілі. Өткен оқу жылында 7 мектептің, атап айтқанда, А.Байтұрсынов атындағы жалпы орта мектебіне – 300, Т.Тула атындағы жалпы орта мектебіне – 300, С.Рақымов атындағы жалпы орта мектебіне – 300, Атажұрт (Жаңа Айнатас) елді мекеніндегі мектепке – 100 және Амангелді атындағы жалпы орта мектебіне 150 орынды қосымша мектеп ғимараты салынған болатын. Сондай-ақ, 200 орынды П.Тәжібаева атындағы жалпы орта мектебінің, 200 орынды Сырлысай елді мекеніндегі жалпы орта мектептерінің құрылысы басталған-ды.
Аудандық білім бөліміне қарасты 20 мектепке 4711 тонна қатты отын, 7 мектепке 352,2 мың литр сұйық отын, 46 мектепке 1 346,3 мың текше метр табиғи газ берілуі жоспарланған. 6 мектепті қатты отыннан табиғи газға ауыстыруға бюджеттен 149 млн. 813,2 мың теңге бөлінді. Қазіргі таңда төрт мектеп табиғи газға қосылды. Жылу маусымына дейін екі мектеп қатты отыннан табиғи газға көшіріледі деп жоспарланған болатын.
Білім мекемелеріндегі оқушылардың қауіпсіздігі әрқашан басты назарда. Яғни, ауданда 70 мемлекеттік мектеп толығымен бейнебақылау жүйесімен қамтамасыз етілген. Биылғы оқу жылында аудан мектептеріне тағы да 80 дана бейнебақылау құрылғыларын сатып алу үшін бюджеттен 64 млн. 475 мың қаржы бөлінді.
Сондай-ақ, оқушыларының саны 700-ден көп 11 мектепке турникеттер орнату үшін бюджеттен 24 млн. 420 мың теңге қаралып, мемлекеттік сатып алу басқармасына ашық конкурс өткізу үшін өтініш берілді. Аудандағы 18 мектептің сыртқы қоршауларын қалпына келтіруге 264,2 млн.теңгеге жуық қаражат жұмсалған.
Жалпы аудан мектептеріне 2023-2024 оқу жылында 1-11- сыныптар үшін 37 939 (28966 кітап, 8973 электронды кітап, 1,2-сыныптардың цифрлық сауаттылық жетіспейді. Бүгінде аудандық білім бөлімі тарапынан тапсырыс берілген оқулықтар арнайы баспалардан ауданға жеткізіліп, мектептерге таратылуда.
Ауданда мектебі жоқ 8 елді мекенде 627 мектеп жасындағы бала бар. Олар жақын маңдағы мектептерге қатынап оқиды. Сала мамандары оларды тасуға 9 автокөлік ұйымдастырылғанын айтады. Бұл үшін қыркүйек-желтоқсан айларына 19 млн. 707 мың теңге бөлінген. 2023-2024 оқу жылында 627 оқушыны тасымалдау үшін Қазығұрт ауданында мемлекет тарапынан берілген 20 орынды4 автобус, 38 орынды 1 автобус және мердігерлер есебінен алынған 3 автокөлік қызмет көрсетуде.