gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Білім

Арыстық оқушыларға ұлттық ою-өрнектің мәні мен мағынасы түсіндірілді

29 января, 2024
in Білім, Жаңалықтар
0
Арыстық оқушыларға ұлттық ою-өрнектің мәні мен мағынасы түсіндірілді
Share on FacebookShare on Twitter

Арыс қаласындағы С.Қожанов атындағы жалпы орта мектепте көркем еңбек пәнінің мұғалімі Мұса Құндызай 5-сынып оқушылары арасында «Шеберлер қалашығы» тақырыбында ашық сабақ өтті.

Іс-шараның мақсаты жас ұрпақты шығармашылыққа тәрбиелеу арқылы олардың сәндік қолданбалы ұлттық өнерге деген қызығушылығын, сүйіспеншілігін арттыру болды. Осы арқылы қазақ халқының салт-дәстүрін құрметтеп, насихаттау да назарға алынды.Сабақ барысында қазақтың ұлттық ою-өрнегі, ши тоқу, жүнді шиге орап ою-өрнек салу, кестені бізбен және инемен әшекейлеп киімге кестелеп тігу сияқты қолөнер түрлері көрсетілді.

Сонымен қоса, оқушылар түрлі-түсті тоқыма жіптерден сөмке, кілемше, киіз бұйымдарын тоқып үйренді. Су моншақтарынан жасалған бұйымдар әдемілікті, нәзіктікті білдіреді. Қазақ халқының дәстүрінде киімге моншақпен ою-өрнек салып әсемдеген. Сондай-ақ, әшекей бұйымдарды да алқа және білезіктерді майда моншақтармен көмкерген.

Айта кетейік, бүгінде Арыс қаласындаМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың арнайы тапсырмасы бойынша «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында «Тараз» шағын ауданынан 600 орындық мектептің құрылысы бастау алды. Сондай-ақ, «Наурыз» шағын ауданынан да дәл осы бағдарлама шеңберінде 900 орынды білім ұясының құрылысын жүргізу жоспарланған болатын.

Бұдан бөлек, «Отырар» шағын ауданынан 600 орындық мектептің және И.Журба атындағы мектепте 300 орындық қосымша корпустардың құрылыс жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, жеке кәсіпкерлер есебінен «Онтам» шағын ауданынан 150 орындық, Арыс қаласы Төлеби көшесінен 300 орындық, Алатау тұрғын ауданынан 600 орындық мектеп салынды. Жалпы қала әкімі Гүлжан Құрманбекованың айтуынша, алдағы уақытта жаңадан 6 мектеп пен 5 балабақша іске қосылады жоспарлануда. Осылайша, 3 700-ден астам оқушыға жағдай жасалмақ.

Былтырдан бастап қала мен ауылдарда оқитын бастауыш 1-4 сынып оқушылары 100 пайыз ыстық тамақпен қамтамасыз етілді.

Previous Post

Қазығұрттық ұстаздар оқушылардың сабаққа деген ынтасын оятуға күш салуда

Next Post

Түлкібастық жас ұстаздарға әдістемелік көмек көрсетілді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz