gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Білім

Түлкібастық жас ұстаздарға әдістемелік көмек көрсетілді

29 января, 2024
in Білім, Жаңалықтар
0
Түлкібастық жас ұстаздарға әдістемелік көмек көрсетілді
Share on FacebookShare on Twitter

Түлкібас аудандық білім бөлімі жанындағы әдістемелік кабинеттің әдіскері Р.Күнкібаеваның ұйымдастыруымен А.Пушкин атындағы АТМЛ базасында орыс тілі мен әдебиеті пәнінің жас мамандарына арналған «Жас мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін дамыту» тақырыбында аудандық оқыту семинары өтті.

Іс-шараның мақсаты жас мұғалімдерге бағыт-бағдар беру, әңгімелесу, әдістемелік көмек көрсету арқылы жас мамандардың кәсіби құзыреттілігін дамыту болды.Семинар барысындаС.Бреусов атындағы жалпы орта мектептің, Б.Момышұлы атындағы жалпы орта мектептің, С.Сейфуллин атындағы жалпы орта мектептің білікті ұстаздары «ҚМЖ-ны қалай құру керек?», «Білім беру процесіндегі кері байланыс» және «Оқу процесінде бағалау» тақырыптарында жас мамандарға әдістемелік көмек ретінде шеберлік сағаттарын өткізді.

Семинарды қорытындылау кезеңінде пән әдіскері Р.Кункибаева жас мамандардың бүгінгі іс-шараға белсене қатысып, көкейлерінде жүрген сауалдарға тиесілі жауап алғандарын және өз ойларымен бөліскенін атап өтті. Осындай жас мамандарға әдістемелік сүйемелдеу мақсатында өткізілетін жұмыс жоспарлар әлі де жалғасатын болады.

Семинар соңында ұйымдастырушылар өз тәжірибелерімен бөліскен ұстаздарға алғысын білдірді.

Айта кетейік, бүгінде Түлкібас ауданында 60 мектеп бар. Онда 23611 оқушы білім алады. 60 мектептің 46-сы жалпы орта мектеп болса, 5-еуі негізгі орта мектеп, 9-ы бастауыш мектеп. Сонымен қатар, 1 мектеп интернат ретінде жұмыс істейді. Онда 110 бала тәрбиеленуде. 60 мектептің 51-і типтік, 9-і ыңғайластырылған. Ауданда үш ауысымда оқитын мектеп жоқ.

Аудандағы балаларға арналған өнер мектебінде527 бала бар. «Жас туристер станциясында» 444 оқушы,«555» Білім беру орталығында 405 оқушы,«Жасталап» спорт клубында-168 оқушы,«Ақмейір» білім беру орталығы -200  бала қосымша білім алуда.Білім беру мекемелерінде 3891бала спорттық үйірмелермен қамтылған.

Түлкібас  ауданының  білім бөліміне қарасты білім беру ұйымдарында 2023-2024 оқу жылында барлығы – 3143 педагог қызметкер жұмыс істейді. Олардың 3112-сі жоғары білімді, 31-і орта арнаулы білімді. 28 ұстаз           «Педагог-шебер», 598 ұстаз «Педагог -зерттеуші», 711 ұстаз «Педагог- сарапшы», 621 ұстаз «Педагог -модератор» санатына ие болған. Жалпы ауданда жаңа  біліктілік санатына ие болған педагогтер саны 1958-ді құрайды. Сонымен қатар  жоғары санатты  педагогтер – 41, бірінші санатты – 76, екінші санатты педагогтер – 103, педагог санатында – 965.

Аудан педагогтерінің біліктілігін арттыру перспективалық жоспарына сәйкес 2022-2023 оқу жылында – 758 педагог курспен қамтылды.2023-2024 оқу жылында – 945 педагог курспен қамту жоспарлануда.

2022-2023 оқу жылында жалпы білім беретін пәндер олимпиадасының облыстық кезеңінде аудан оқушылары 26 жүлделі орын, 7 «Алғыс хат» иеленіп, олимпиаданың республикалық кезеңінен 3 оқушы жүлделі орынды иеленді.Жалпы білім беретін пәндер олимпиадасының қорытындысы бойынша М.Ломоносов атындағы мектеп-гимназиясы үш жыл қатарынан республикалық 100 үздік мектеп тізіміне енді.

«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында мектеп кітапханаларының кітап қорын көркем әдебиеттермен толықтыру мақсатында облыстық білім басқармасынан  тарапынан 4587дана (жалпы сомасы 22 млн 349 мың 608 тг) көркем әдебиет берілді.Бүгінгі таңда барлық мектеп кітапханаларында «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында ұстаздар арасында «Мен оқыған бір кітап», оқушылар арасында «Буктрейлер», «1,2,3» жобасы, «20 минут» кітап оқу жобасы аясында жұмыстар жүргізілуде.

Previous Post

Арыстық оқушыларға ұлттық ою-өрнектің мәні мен мағынасы түсіндірілді

Next Post

Түлкібастық әдіскерлер мұғалімдерге көмек көрсетті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz