Түлкібас аудандық білім бөлімі жанындағы әдістемелік кабинеттің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің әдіскері Г.Оразбаеваның жоспарға сәйкес, қазақ тілі пәнін “Оқу сауаттылығы” бағыты бойынша Т.Иманбеков және Дауан атындағы жалпы орта мектептердің пән мұғалімдеріне әдістемелік көмек көрсетті. Пән әдіскері Г.Оразбаева мектеп оқушыларының дайындығын, мәтінмен жұмыс жасауда негізгі және қосымша ақпаратты анықтаудағы әрекеттерін сабақ барысында көріп, оқушылармен бірлесе отырып мәтіндермен жұмыс істеді.
Сонымен қатар, пән мұғалімдерінің атқарып жатқан жұмыстарымен танысып, оқу мақсаттарымен жүйелі жұмыс жасау керектігін, оқылым стратегияларын тиімді қолдану және мәтінді түрлендіре отырып тілдік құралдар арқылы тану бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, әдістемелік көмек көрсетті.
Оқушылардың жетістіктерінің мониторингісіне Т.Иманбеков атындағы жалпы орта мектептен -29, ал Дауан атындағы жалпы орта мектептен 23 оқушы қатысты. Ауданда оқушылардың білім жетістіктерінің мониторингісі, функционалдық сауаттылық бойынша материалдарды игерудегі дайындығын бағалау жұмыстары өз жалғасын таба бермек.
Айта кетейік, бүгінде Түлкібас ауданында 60 мектеп бар. Онда 23611 оқушы білім алады. 60 мектептің 46-сы жалпы орта, 5-еуі негізгі орта, 9-ы бастауыш мектеп. Одан бөлек А.Макаренко атындағы жалпы орта мектеп жанында мектеп-интернаты жұмыс істейлі. Онда бүгінде 110 оқушы тәрбиеленуде. 60 мектептің 51-і типтік, 9-ы ыңғайластырылған. Ауданда үш ауысымда оқитын мектеп жоқ.
Түлкібас ауданының білім бөліміне қарасты білім беру ұйымдарында 2023-2024 оқу жылында барлығы 3143 педагог жұмыс істеуде. Олардың 3112-сі жоғары білімді, 31-і орта арнаулы білімді. Жалпы аудандағы педагогтардың 28-і «Педагог-шебер», 598-і «Педагог -зерттеуші», 711-і «Педагог- сарапшы», 621-і «Педагог -модератор», ал 1958-і жалпы жаңа біліктілік санатына ие болған.
Сонымен қатар, жоғары санатты педагогтер – 41, бірінші санатты педагогтер – 76, екінші санатты педагогтер – 103, педагог санатында педагогтер – 965. Аудан педагогтерінің біліктілігін арттыру перспективалық жоспарына сәйкес, өткен оқу жылында 758 педагог курспен қамтылды. 2023-2024 оқу жылында 945 педагог курспен қамту жоспарлануда.
Өткен оқу жылында жалпы білім беретін пәндер олимпиадасының облыстық кезеңінде аудан оқушылары 26 жүлделі орын мен 7 «Алғыс хат» иеленіп, олимпиаданың республикалық кезеңінен 3 оқушы жүлделі орыннан көрінді. Жалпы білім беретін пәндер олимпиадасының қорытындысы бойынша М.Ломоносов атындағы мектеп-гимназиясы үш жыл қатарынан республикадағы 100 үздік мектеп тізіміне енді. «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында мектеп кітапханаларының кітап қорын көркем әдебиеттермен толықтыру мақсатында облыстық білім басқармасынан 4587дана (жалпы сомасы 22 млн 349 мың 608 тг) көркем әдебиеттермен толықтырылды. Бүгінгі таңда барлық мектеп кітапханаларында «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында ұстаздар арасында «Мен оқыған бір кітап», ал оқушылар арасында «Буктрейлер», «1,2,3» жобасы, «20 минут» кітап оқу жобасы аясында жұмыстар жүргізілуде.
2023-2024 оқу жылында аудан мектептерінен 8-11 сынып оқушылары арасынан 98 жұмыс қатысып, оның 19-ы облыстық сараптама комиссиясына жолданды. Нәтижесінде 7 оқушы облыстық кезеңге жолдама алып, 7-і де жүлдегер атанды. Биылғы оқу жылында 2-7 сынып оқушыларының «Зерде» зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстарының аудандық кезеңі Б.Садықов атындағы жалпы орта мектептің базасында өтті. Байқауға ауданның мектептерінен 12 бағыт бойынша 105 жұмыс ұсынылды, оның ішінен 24 жұмыс іріктеліп, облыстық байқаудың сараптамалық кезеңіне жіберілді. Сараптамалық кезеңнен 11 жұмыс облыстық кезеңге қатысып, 9 –ы жүлдегер атанды. Жүлделі орын алған 9 оқушы 2-і ғылыми жобаның республикалық кезеңіне жолдама алып отыр.
Мектепте білім беру сапасын арттыру мақсатында аудан мектептерінен пәндер бойынша PISA курсынан 173 мұғалім өтті. Оның ішінде математика пәнінен – 82 мұғалім, физика пәнінен – 20 мұғалім, химия пәнінен – 20 мұғалім, биология пәнінен – 20 мұғалім, география пәнінен – 17 мұғалім және қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен 14 мұғалім курс оқыды. «Ұрбұлақ», Дауан, Ш.Мұртаза, М.Ломоносов ат.МГ, Ғ.Мұратбаев, Б.Садықов атындағы жалпы орта мектептерде білім алатын 171 оқушы мектептерге арналған PISA тапсырды.
Президенттік олимпиаданың облыстық кезеңіне қатысқан М.Ломоносов атындағы мектеп-гимназияның оқушысы Абдрахманова Айғаным І-орынды жеңіп алса, А.Асқаров атындағы жалпы орта мектептің оқушысы Купбай Әсел Алғыс хатпен марапатталды. Сонымен қатар, 5-6- сынып оқушылары арасында өткен аудандық «Алтын сақа» олимпиадасына аудан мектептеріне 185 оқушы қатысты. Олардың 45 пайызы жүлделі орындарға ие болды. Облыстық кезеңге 5-сыныптан 5 оқушы, 6-сыныптан 5 оқушы жолдама алды.