gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Білім

Түркістан облысының оқушылары жүлделі орындарға ие болды

26 января, 2024
in Білім, Жаңалықтар
0
Түркістан облысының оқушылары жүлделі орындарға ие болды
Share on FacebookShare on Twitter

2024 жылдың 21-25 қаңтар аралығында Астана қаласында ауыл мектептерінің 9-11 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қоғамдық-гуманитарлық бағыты бойынша қорытынды кезеңі өткізілді.

Елімізде ауыл мектептері оқушыларының республикалық олимпиадасы биыл алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Қала мен ауыл мектептері арасындағы алшақтықты азайтуға бағытталған жаңа бастаманың басты мақсаты Қазақстан Республикасының ауылдық жерлердегі мектеп оқушыларының дарындылығы мен қабілеттерін анықтау және қолдау үшін оңтайлы жағдайлар жасау, неғұрлым академиялық қабілетті оқушыларды іріктеу болды.

Республика бойынша 17 команданың ішінен Түркістан облысының командасы – Ең үздік олимпиадалық команда атанып, ІІ-орынды иеленді.

Олимпиадаға Түркістан облысы бойынша қоғамдық-гуманитарлық бағыты бойынша 28 оқушы қатыстып, нәтижесінде олар 3 алтын, 11 күміс, 6 қола медалді иеленіп қайтты. Қатысушылар арасында 5 оқушы мақтау қағазымен марапатталды.

Реті келгенде айта кетейік, Түркістан облысында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 49 мың оқушыны қамтитын 63 мектеп салынады деп жоспарланған болатын. Оның 29-ының құрылысы былтыр басталып, 2024 жылы аяқталады деп күтілуде. Ал қалған 34 мектептің құрылысы 2024 жылы басталады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей тапсырмасымен салынатын бұл білім ұялары өңірдегі үш ауысымды және апатты мектептер мәселесін түбегейлі шешуге серпін береді.

Аталған ауқымды құрылысқа байланысты облыс әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен ұлттық жобаны жүзеге асыру жөніндегі алгоритм әзірленді. Алгоритмге сәйкес облыс көлемінде арнайы жұмыс тобы құрылып, құрамына облыс әкімінің орынбасарлары, аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың әкімдері, басқарма басшылары, депутаттар, білім саласы және инфрақұрылымға қатысты мекеме өкілдері енгізілді. Жұмысшы тобының отырысы айына кемінде 1 рет өткізіліп, өзекті мәселелер талқылануда. Әрбір білім ұясының құрылысы қатаң бақылауға алынған. Білім ұяларының инфрақұрылымы, инженерлік жүйелері, жері, суы мен газы, электр жүйесі, жалпы әрбір өзекті мәселесін шешу жолдары жоспарланып, нақты жұмыс жүргізілуде.

Previous Post

Түркістанда жиһаз шығаратын жаңа зауыт ашылды

Next Post

Түлкібастық оқушылар Абай шығармаларын жатқа айтудан жарысқа түсті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz