gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Білім

Түлкібастық оқушылар Абай шығармаларын жатқа айтудан жарысқа түсті

26 января, 2024
in Білім, Жаңалықтар
0
Түлкібастық оқушылар Абай шығармаларын жатқа айтудан жарысқа түсті
Share on FacebookShare on Twitter

Түлкібас аудандық білім бөліміне қарасты «Майлыкент» жалпы орта мектептің базасында әдістемелік кабинеттің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің әдіскері Г.Оразбаеваның ұйымдастыруымен 9-11 қазақ сынып оқушылары арасындағы «Абайтану» республикалық олимпиадасының аудандық кезеңі өтті.

Байқауға жалпы Абай қарасөздері мен шығармаларының танымдық-тағылымдық маңызын меңгерген 65 оқушы қатысты. Олимпиада екі айналымнан тұрды. Бір оқушы екі айналымға да қатысты.

Биыл V рет өткізіліп отырған қазақ тілі мен әдебиетінен «Абайтану» олимпиадасы шығармашыл, дарынды оқушылардың Абай шығармашылығын оқу арқылы көркемсөздің тағылымдық мән-маңызын түсінуде, бейнеленген өмір құбылыстарын көркемдік тұрғыда қабылдауға қажетті білім, білік дағдыларын қалыптастыруға, Абайдың әдеби мұрасынан ғибрат алып, өмірде қолдана білуге ықпалы зор екендігін тағы да бір дәлелдеді.

Олимпиада қорытындысы бойынша жеңімпаз оқушылар 2024 жылдың 22 ақпанында өтетін облыстық кезеңге жолдама алды.

Айта кетейік, бүгінде Түлкібас ауданында жалпы мектептер саны – 60, онда 23611 оқушы білім алады.60 мектептің 51- типтік, 9-і ыңғайластырылған.Үш ауысымда оқитын мектеп жоқ.2022-2023 оқу жылында жалпы білім беретін пәндер олимпиадасының облыстық кезеңінде аудан оқушылары 26 жүлделі орын, 7 «Алғыс хат» иеленіп, олимпиаданың республикалық кезеңінен 3 оқушы жүлделі орынды иеленді. Сонымен қатар, жалпы білім беретін пәндер олимпиадасының қорытындысы бойынша М.Ломоносов атындағы мектеп-гимназиясы үш жыл қатарынан республикалық 100 үздік мектеп тізіміне енді.

«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында мектеп кітапханаларының кітап қорын көркем әдебиеттермен толықтыру мақсатында облыстық білім басқармасынан 4587дана (жалпы сомасы 22 млн 349 мың 608 тг) көркем әдебиет берілді. Бүгінгі таңда барлық мектеп кітапханаларында «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында  ұстаздар арасында «Мен оқыған бір кітап», оқушылар арасында «Буктрейлер», «1,2,3» жобасы, «20 минут» кітап оқу жобасы аясында жұмыстар жүргізілуде.️2023-2024 оқу жылында аудан мектептерінен 8-11 сынып оқушылары арасынан-98 жұмыс қатысып, оның 19-ы облыстық сараптама комиссиясына жолданды. Нәтижесінде 7 оқушы облыстық кезеңге жолдама алып, оның 7-і де облыс жүлдегерлері атанды.

Жүлделі орын алған  7 оқушының 6 –ы республикалық кезеңнің тестілеу турына қатысты.2023-2024 оқу жылында  2-7 сынып  оқушыларының «Зерде» зерттеу жобалары мен  шығармашылық  жұмыстарының  аудандық кезеңі  Б.Садықов атындағы ЖББМ-нің  базасында өткізілді. Байқауға аудан мектептерінен 12  бағыт бойынша  жалпы- 105 жұмыс ұсынылды,  оның ішінен               24 жұмыс іріктелініп, облыстық байқауғасараптамалық кезеңге жіберілді. Сараптамалық кезеңнен 11 жұмыс облыстық кезеңге қатысып, 9–ы жүлдегер атанды. Жүлделі орын алған  9 оқушы  2-і ғылыми жобаның  республикалық  кезеңіне жолдама алып отыр.

Previous Post

Түркістан облысының оқушылары жүлделі орындарға ие болды

Next Post

Бәйдібектік мұғалімдер зерттеу жұмыстарын жүргізуде

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz