gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Білім

Бәйдібектік мұғалімдер зерттеу жұмыстарын жүргізуде

26 января, 2024
in Білім, Қоғам
0
Бәйдібектік мұғалімдер зерттеу жұмыстарын жүргізуде
Share on FacebookShare on Twitter

Бәйдібек ауданындағы М.Әуезов атындағы ІТ мектеп-лицейінде ұстаздар арасында «Мұғалім тәжірибесіндегі зерттеулер» атты тақырыпта зерттеу сабағы өтті. Аталған зерттеуді мектеп тренері Э.Жұмаділова «Топтық, жұптық тапсырмалар сынып оқушыларының ынтымақтастығын арттырып, сабаққа қызығушылығын оятады ма?» деген сауал бойынша 5 «Б» сыныбына жүргізді.

Зерттеу барысында әрбір сабақ соңында оқушыларды тыңдап, бақылау нәтижелерін талқылап, келесі сабақты жоспарлап отырды. Түрлі әдіс-тәсілдерді қолданып, оқушылар топпен жұмыс, жұппен жұмыста өте белсенді болды.

Сонымен қатар, оқушылар сабақта белсенділік танытып, өз ойларын еркін айтып, қасындағы көршісімен пікір алмасып, қойылған әр сұрақты мұқият тыңдап, тапсырмаларды орындады. Ал, кейбір оқушылар көрсеткен көмектері арқылы сыныпқа ілесіп, белсенділік таныта бастады. Нәтижесінде, аталмыш зерттеудің оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, олардың оқуға деген ынталарын арттыратыны байқалды.

Айта кетейік, бүгінде Бәйдібек ауданындағы 51 білім беру (2 жекеменшік мектеп) мекемесінде 2454 мұғалім жұмыс істеп, 12343 оқушы білім алуда.Оқушылар арасындағы қауіпсіздіктің алдын алу мақсатында100 пайызы білім ұйымдары бейнебақылау камераларымен жабдықталған.

Қазіргі таңда бейнебақылау нүктелерінің маңыздылығына талдау жасалып, қосымша камера санын қосуға және бейнебақылау жүйесіндегі ақауларын қалыпқа келтіру мақсатында бюджет есебінен 40 млн 366 мың теңге қаржы қаралып, 49 мектепке бейнебақылау камералары орнатылды.

44 білім беру ұйымдарында арнайы турникеттер орнатылса, алдағы уақытта қосымша 4 білім беру ұйымдарына турникеттер орнату жоспарланып, тиісті бюджет есебінен қаржы қаралып, тиісті жұмыстары жүргізілді.Мектептердің сыртқы қоршау жұмыстарын жүргізу үшін 8 білім беру ұйымдарына қаралғанқаржыға қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу конкурстары жүргізіліп, аталған білім беру ұйымдарына қоршау орнатылды.

Алдағы уақыттада оқушыларға жаңа үлгідегі білім ұйымдарымен қамтамасыз ету тұрғысында тиісті жұмыстар жүргізіліп, аудан орталығынан 300 орындық „Жайлы мектеп“ бағдарламасының аясында өтпелі құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Ыңғайластырылған жайда орналасқан Ы.Алтынсарин мектебіне 150 орындық жаңа оқу ғимаратына қажетті мектеп салуға арнайы жер телімі бөлініп, тиісті құжаттарын әзірлеу жұмыстары жүргізілсе, оқушы санының артуына байланысты қосымша жайды қажет ететін «Тасқұдық», «Боралдай», «Бөген», «Теректі», Ғ.Мұратбаев мектептерінің құрылысқа қажетті жер телімдері дайындалып, АПЗ құжаттамалары әзірленді.

Н.Арапов, О.Тайманов мектептерінің жылыту жүйесіне және Жамбыл мектебінің ішкі-сыртқы әрлеу жұмыстарына қажетті қаржылары қаралып, қазіргі таңда жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, ЖСҚ толық аяқталған Ш.Уалиханов, Л.Өтешов, Қ.Сәтпаев, Домалақ ана, «Ақтас», «Қайнар» мектептерінің құжаттары салалық басқармаларға ұсынылып отыр.

Previous Post

Түлкібастық оқушылар Абай шығармаларын жатқа айтудан жарысқа түсті

Next Post

Шардара ауданының ұстаздары мектеп пен отбасы арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға күш салуда

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz