Жетісай ауданында 251 білім беру ұйымы білім беру қызметін жүзеге асырады. Оның ішінде164 мектепке дейінгі білім беру ұйымы бар. Балабақшалардың 19-ы мемлекеттік, 145-і жекеменшік. Онда 19221 бала тәрбиеленуде. Ауданда 3 пен 6 жас аралығындағы балаларды қамту көрсеткіші 98 пайызды құрады. Ал, 2 мен 6 жас аралығындағы балаларды балабақшамен қамту 97,5 пайызға жетті.
Сонымен қатар, Жетісай ауданында 84 жалпы орта білім беру ұйымы жұмыс істеуде. Оның 74-і мемлекеттік, 10-ы жекеменшік. Одан бөлек 3 қосымша білім беру ұйымы ашылған.
Мектептерде 5 526 педагог жұмыс істейді. Біліктілік санаттары бойынша айтар болсақ, білім ұяларында оқушыларға 115 «педагог-шебер», 1 539 «педагог-зерттеуші», 1 845 «педагог-сарапшы», 1 255 «педагог-модератор», 772 педагог, 219 мұғалім (жоғары, І, ІІ ) санатындағы ұстаз сабақ береді.
Аудан бойынша қазіргі таңда мектепке дейінгі ұйымдардағы педагогтер саны – 1467. Яғни олар әдіскер, тәрбиеші және музыка жетекшілер мен психологтар. Оның ішінде мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдағы педагог саны – 237, жекеменшік негізіндегі мектепке дейінгі ұйымда1230 педагог бар.
Мұғалімдердің біліктілігін арттыруға да ерекше көңіл бөлінуде. Педагогикалық шеберлік орталығынан 272 мұғалім, Өрлеу біліктілікті арттыру ұлттық орталығынан1694 мұғалім қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстарынан өтті.
«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Жетісай ауданында 6 нысан құрылысын қолға алу жоспарланған болатын. Былтыр Жетісай қаласында 1500 орынды,Асықата кентінде 900 орынды, Ынтымақ ауыл округі Ақниет ауылында 600 орынды жайлы мектептің құрылысы бастау алды. Мектептерде оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатындаЖетісай ауданының білім бөліміне қарасты 74 жалпы және негізгі орта білім беру мекемелері толығымен бейнебақылау жүйелерімен қамтылды. Бүгінгі таңда аудандағы 36 мектептің бейнебақылау камералары аудандық ішкі істер бөліміне қосылған.
Аудандық білім бөліміне қарасты 300-ден астам оқушысы бар 63 мектеп арнайы лицензиясы бар мамандандырылған күзет қызметімен қамтамасыз етілген. Ал, 700-ден астам оқушысы бар 24 мектепке турникет орнату жұмыстары жүргізілуде.Сонымен қатар, бөлімге қарасты 72 мектепте дабыл батырмасы толық орнатылған. Жетісай ауданының орталығынан 240 шақырым жерде орналасқан № 36 НББМ бүгінгі таңда бөлімге қарасты 19 мектептің толықтай қоршаумен қамтамасыз ету жұмыстары аяқталды.
Сонымен қатар, 68 мектепте асхана, 6 мектепте буфет бар. 36 мектеп, 19 балабақша, 3 қосымша білім беру ұйымы табиғи газбен, 38 мектеп қатты отынмен жылытылады.
Аудандағы әдістемелік кабинеттің ұстаздары Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Педагог мәртебесі» туралы Заңдарын басшылыққа алып, «Білім алушылардың білімдеріндегі олқылықтарды жою және толықтыру бойынша іс-қимыл жоспарын түзіп, «Қала мектептері мен ауылдық мектептер арасындағы білім беру сапасының алшақтығын төмендетуге» арналған іс-шаралар жоспары құрып, жаратылыстану-математика және қоғамдық -гуманитарлық пәндер мен жаңа технологиялар дайындығын күшейту «Жол картасы», «Оқуға құштар мектеп» жобасы мен педагог кадрлардың курстан кейінгі сүйемелдеу жұмыстарын жетілдіру мақсатында 2022-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарларын, Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру бағытында стратегиялық даму жоспарлары негізінде жұмыс істеуде.
Мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру ұйымдарының басшылары мен педагогтеріне оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысын ұйымдастыруда инновациялық әдістерді пайдалана отырып консультациялық және тәжірибелік көмек көрсету мақсатында семинарлар мен «дөңгелек үстелдер», шеберлік сабақтары мен конференция, әдістемелік кеңестер өткізілді.
Орайы келгенде аудандық білім бөліміне қарасты мектеп оқушыларының жетістіктеріне де тоқтала кетейік. Мәселен, былтыр 2907 мектеп бітіруші түлектің 1219-ы мемлекеттік грант иегері атанса, 173 түлек мектепті «Алтын белгіге» және 207 түлек «Үздік аттестатқа» бітірді.
«Мектептерге арналған PISA» халықаралық зерттеу сынағына ауданымыздан 8 мектеп қатысты. Соның ішінде осы зерттеудің бағалау күрделілік деңгейлері бойынша Б.Момышұлы атындағы №6 мектеп-гимназиясы оқу сауаттылығы мен математикалық сауаттылық бойынша 3-деңгейді, жаратылыстану бағыты бойынша 2-деңгейді бағындыра алды.
Жетісай ауданы бойынша 2023 жылы ББЖМ 4 сыныптар бойынша 15 мектепте өтті. Оған 1 қала мектебі (мектеп-гимназиясы) және 14 ауыл мектебі қатысты. Аудан бойынша орташа бал – 23 болды. Бұл облыстық көрсеткіштен 5,98 балға, республикалық көрсеткіштен 6,13 жоғары. Жетісай ауданы облыс бойынша 2 орынды иеленді.
Жетісай ауданы бойынша 2023 жылы ББЖМ 9 сыныптар бойынша 14 мектепте өтті. Аудан бойынша орташа балы 49,96 болды. Бұл облыстық көрсеткіштен 10,93 балға, республикалық көрсеткіштен 13,16 балға жоғары. Аудан облыс бойынша 3 орынды иеленді.
Жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 сынып оқушыларына арналған Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінде жалпы 23 оқушы қатысып, оның 16-сы жүлделі орындарды, 7-еуі мақтау қағазын иеленді. Ал, жалпы білім беретін пәндер бойынша 5- 6 сынып оқушыларына арналған Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінде аудан оқушылары 10 жүлделі орынды жеңіп алды.
ХІІІ Президенттік олимпиаданың облыстық кезеңінде 2 оқушы, Республикалық кезеңінде Шермахамбет Сымбат-Аманкелді атындағы №19 жалпы білім беретін мектеп ІІ орын иеленді.
Қ.Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен республикалық олимпиадасында, «Абайтану» қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен республикалық олимпиадасында,«Жарқын болашақ» республикалық олимпиадасында, «А.Байтұрсынов- ұлтымыздың ұлы ұстазы» облыстық ғылыми жобалар байқауында, республикалық М.Мақатаев оқуларында, республикалық «Жыр алыбы — Жамбыл» атты жас ақындар айтысында, республикалық «МәшҺүр Жүсіп оқулары» байқауында, республикалық «Мағжан оқулары» байқауының республикалық кезеңінде, «Әбіш оқулары» байқауында, республикалық ХХІҮ Абай оқуларында, республикалық ІХ «Ақберен» өнер байқауларының облыстық және республикалық кезеңдерінде,республикалық «Ясауитану» байқауында, «Балалар оқуларында» аудан оқушылары жеңіс тұғырынан көрінді. «IQanat» олимпиадасының республикалық кезеңінде № 10 «Қайнар» мектеп-гимназиясының оқушысы Құттыбек Ержігіт Ғалымжанұлы, № 17 «Түркістан» жалпы орта мектебінің оқушысы Әуелбек Балжан Ниязбекқызы, Н.Исмайлов атындағы № 45 жалпы орта мектебінің оқушысы Жаңабай Даниял Құрбанбайұлы IQanat High of Burabay мектебінің оқу грантының иегері атанды.
Одан бөлек ауыл мектептерінің балаларына арналған «Мың бала» олимпиадасында да 7 оқушы жеңімпаз атанды.«Бастау» ХVІ республикалық математикалық олимпиадасының облыстық кезеңінде3 орынды, Республикалық кезеңінде М.Горький гимназия- мектебінің оқушысы жүлделі 2 орынды иеленді.
9-11 сыныптар арасындағы оқушылардың ғылыми жобалар байқауында, 2-7 сынып оқушыларының «Зерде» зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалар байқауында №7 «Тұран» мектеп-гимназиясының оқушысы Бақыт Дархан жеңіске жетті.
Оқушылардың ғылыми жобалар байқауының облыстық кезеңінде 7 оқушы жүлделі орындарды иеленді. Ал, «Табысты менеджер» байқауында,«Педагогикалық идеялар фестивалі» мен «Үздік авторлық бағдарламалар» атты пән мұғалімдерінің олимпиадасында аудан педагогтерінің абыройы асқақтады.
«Педагогикалық идеялар фестивалінде» 3 педагог І орынмен, 4 педагог ІІ орынмен, педагог ІІІ орынмен марапатталды. «Тұран» мектеп-гимназиясының география пәнінің мұғалімі Надиров Нұрсұлтан Сабырұлы, Д.Қонаев атындағы ІТ мектеп лицейінің көркем еңбек пәнінің мұғаліміЖұмағали Нәмен Базарбайұлы, Аманкелді атындағы №19 жалпы орта мектебінің қосымша білім беру педагогы Шорабекова Айша Бақытжанқызы республикалық кезеңіне жолдама алды.
Қоғамдағы өзекті мәселелерді талдау, шешу жолдарын қарастыру мақсатында мектеп директорларына арналған «Intelleetum DD2» директорлар дебатында №7 «Тұран» мектеп-гимназия директоры Х.Кожбанова, №49 «Сырдария» жалпы білім беретін мектеп директоры Г.Еримбетова 1 орыннан көрінді.
Өткен оқу жылының қорытындысы бойынша мемлекеттік орта білім беру ұйымдары арасында өтілген облыстық конкурсқа №11 «Жеңіс» мектеп-гимназиясы қатысып, «Орта білім беретін үздік ұйым» грантын жеңіп алды.
Өскелең ұрпақты жан-жақты дамыған тұлға ретінде қалыптастыру, ұлттық құндылықтар негізінде тәрбиелеу арқылы бала бойындағы қасиеттерді дамыту мақсатында “Біртұтас тәрбие” бағдарламасы аясында білім беру ұйымдарымен25-тен аса ірі іс-шаралар өткізіліп, оған ауданымыздың барлық балалары тартылды. Оқушылардың жас ерекшелігіне қарай жоспарлар түзіліп, семинарлар, форумдар, апталықтар, онкүндіктер, түрлі жобалар жүргізілуде.
Реті келгенде айта кетейік, № 7 «Тұран» мектеп — гимназиясының базасында «Педагогикалық шерулер» атты республикалық семинар өтті.
Аудандық білім бөлімінің қолдауымен барлық мектептерде жүзеге асырылып жатқан«Спикер тайм» жобасы, «ОқуVision» жобасы, «Жайдарман» көңілді тапқырлар клубы, «ДЕБАТ қозғалысы», «Мектеп лигасы», интеллектуалды ойындар мен «Мамандығым – болашағым» жобасыбілім сапасын арттыруда маңызды рөл атқаруда.