gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Білім

Кентаулық үш оқушы оқу грантына ие болды

30 января, 2024
in Білім, Жаңалықтар
0
Кентаулық үш оқушы оқу грантына ие болды
Share on FacebookShare on Twitter

Кентау қалалық білім бөліміне қарасты мектептерде 9-11 сыныптарда оқитын 43 оқушы облыстықпән олимпиадасына жолдама алған болатын.

Білім бәйгесінің облыстық кезеңіне аттанған 43 оқушының 37-сі жүлдемен оралды.

Үздік деп танылған осы оқушылардың арасында үш оқушы пән олимпиадасының республикалық кезеңінде жүлделі орындарды иеленіп,  жоғарғы оқу орнындарының оқу грантын жеңіп алды. Оқуын тереңдетіп ғылымға ден қойған осы 3 оқушы ғылыми жобалар бойынша жүлдеге ие болды.

Жақында қалада жеңімпаз оқушыларды марапаттау, оларға қолдау көрсету мақсатында «Білімді жас — ұлт болашағы» атты салтанатты іс-шара өтті. Білімді мақсат тұтқан жастар мен олардың жетекшілері және ата-аналарына қала әкімінің, білім бөлімінің алғыс хатымен марапатталды.

Айта кетейік, Кентау қаласында бүгінде 27 білім беру ұйымы жұмыс істеп тұр. Оның 23-і мемлекеттік мектеп болса, 4-еуі жекеменшік. Балалар қауіпсіздігін сақтау мақсатында барлығы бақылаумен қамтамасыз етілсе, қашықтан қатынайтын оқушыларды тасымалдауға 2 автобус берілген. Жаңа оқу жылынан бастап бастауыш сыныпта оқитын 7771 балаға бір реттік ыстық тамақ үлестірілуде.Өткен жылы жеке инвесторлар есебінен Кентау қаласы мен Қарнақ ауылында 2 мектеп пайдалануға берілді. Оған қоса Қарнақ ауылында балаларға арналған 300 орынды сауықтыру лагерінің құрылысы жүргізіліп жатыр. Құны 300 млн. теңгені құрайтын нысан биыл пайдалануға беріледі. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы шеңберінде 2025 жылы қала аумағында 1 200 орынды 2 мектеп пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр.

Previous Post

Саурандық мұғалімдер заманауи үлгіде сабақ өту тәжірибесімен бөлісті

Next Post

Жетісайда «Жайлы мектеп» жобасы аясында 6 білім ошағы бой көтермек

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz