gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Білім

Саурандық мұғалімдер заманауи үлгіде сабақ өту тәжірибесімен бөлісті

30 января, 2024
in Білім, Жаңалықтар
0
Саурандық мұғалімдер заманауи үлгіде сабақ өту тәжірибесімен бөлісті
Share on FacebookShare on Twitter

Сауран аудандық білім бөлімі жанындағы әдістемелік кабинеттің 2023-2024 оқу жылына арналған жұмыс жоспарына сәйкес,«Жана Икан» жалпы орта мектебінде «Заманауи мектептегі сабақ: Басымдықтар мен жетілдіру стратегиялары» тақырыбында аудандық семинар өтті.

Семинардың мақсаты – ерекше білім беруді қажет ететін оқушының жеке қажеттілігіне арналған тапсырмаларды дайындау, оқытудың заманауи әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, оқушылардың функционалдық сауаттылық дағдыларын қалыптастыру.

Семинар барысында бастауыш сынып мұғалімдері озық педагогикалық тәжірибелерімен бөлісті. Семинарға аудандық білім бөлімінің әдіскерлері мен мектеп мұғалімдері қатысты. Аталған іс-шара қорытындысы бойынша заманауи үлгіде сабақ өткен бастауыш сынып ұстаздарына ерекше алғыс айтылды.

Айта кетейік, бүгінде Сауранда 54 мектеп бар. Оның 12-сін жекеменшік білім ұялары құрайды. Білім ошақтарындағы оқушыларға 3474  мұғалім сабақ береді. Олардың 51-і «педагог-шебер», 507-сі «педагог-зерттеуші», 813-і «педагог-сарапшы», 756-сы «педагог-модератор», ал 1071–і «педагог» санатындағы ұстаздар. Былтыр ауданда 734 педагог біліктілікті арттыру курсынан өтті. «Өрлеу» БА орталығы АҚ Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша кәсіби даму институты ұйымдастырған курстарда 473 педагог, педагогикалық шеберлік орталығы базасында 163 педагог, Адамның үйлесімді дамуы ұлттық институты тарапынан ұйымдастырылған курстарда 98 педагог біліктіліктерін арттырды.

Аудандағы  54 мектептің 36-сы жалпы орта мектеп болса, біреуі негізгі мектеп, ал бесеуі бастауыш мектеп. Білім ұяларында 25 634 оқушы білім алуда.

Қазақстан Республикасының жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты ҚР Білім және ғылым министрлігінің «ҚР жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын бекіту туралы» 2012 жылғы 08 – қарашадағы №500 бұйрығына және Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында оқыту Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты  негізінде және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің  2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген оқу бағдарламалары  арқылы жүзеге асырылып, мемлекеттік стандарт толық орындалды.

Нәтижесінде 2022-2023 оқу жылында бөлімге қарасты 48 жалпы білім беретін мектептер жалпыға міндетті стандарт талаптарын орындауда жоғары көрсеткіштер көрсетті. Атап айтқанда мектептердегі үлгерім пайызы – 100, білім сапасы 66 пайыз, орта балл – 3,6 пайызды құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1 пайызға жоғары.

Ауданда жас мамандарды мектепке жұмысқа қабылдау жұмыстары толық  автоматтандырылып, «mektep.smartnation.kz» порталы арқылы жүргізілді. 2022-2023 оқу жылында бөлімге қарасты мектептердің 1 сыныбына 2372 оқушы қабылданды.  Аудан бойынша былтырғы жылы 1335 түлек мектеп бітіріп, 1052 бітіруші ҰБТ-ға қатысты. ҰБТ нәтижесінде жалпы орта балл 72,8 баллды құрап, 60 оқушы «Алтын белгі» иегері атанды. Сонымен қатар, 2022-2023 оқу жылында 6 мектеп мемлекеттік аттестаттаудан сәтті өтіп, 4,9,11 сынып оқушылары жоғары білім деңгейін көрсетті.

Previous Post

Сайрамда «Абайтану» сайысы өтті

Next Post

Кентаулық үш оқушы оқу грантына ие болды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz