gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Білім

Сайрамда «Абайтану» сайысы өтті

30 января, 2024
in Білім, Жаңалықтар
0
Сайрамда «Абайтану» сайысы өтті
Share on FacebookShare on Twitter

Сайрам аудандық білім бөліміне қарасты М.Мақатаев атындағы жалпы орта мектепте “Төрт тоқсан — төрт өнер” жобасы аясында 8-9 сынып оқушылары арасында “Абай даналағы” тақырыбында «Абайтану» сайысы өткізілді.Іс-шараның мақсаты ұлы ақынның өнегелі өмірін насихаттап, оның шығармаларына шолу жасап, өлеңдерін, қара сөздерін оқушыларға жатқа  айтқызу болды. Осы арқылы оқушылардың Отанға, туған жерге деген сүйіспеншілігін оятып, рухын көтеруге көңіл аударылды.

Айта кетейік, қазіргі таңда Сайрам ауданында 2023-2025 жылдар аралығында«Жайлы мектеп» жобасы аясында бірнеше мектеп салу жоспарлануда. Олардың арасында Ақбұлақ ауылындағы 600 орындық  мектеп құрылысы да қарастырылған. Сонымен қатар, 2024 жылы Ақсу ауылындағы 600 және Қарасу ауылдық округіндегі Қарасу ауылында 600 орындық мектеп салу көзделген. Осы жаңа білім ұяларының құрылыстары есебінен үш ауысымда оқытылатын және оқушы орны тапшылығы бар мектептердің мәселесі шешілетін болады. Бүгінде бұл мектептердің құрылысын жүргізу үшін барлығына мемлекеттік жер актісі алынған.

Жалпы республикамызда «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында үш жыл ішінде 504 мектеп салу жоспарланған. Аталған ұлттық жоба аясында  2025 жылы Қазақстан Республикасы үш ауысымды оқудан және барлық апатты мектептен толығымен құтылады деп көзделген болатын.  2023–2025 жылдар аралығында жүзеге асырылатын «Жайлы мектептің» басты мақсаты ретінде «Орта білім беру ұйымдарында оқушы орындарының тапшылығын, үш ауысымды оқытуды және мектептердің апаттылығын жою» деп нақты көрсетілген.

Previous Post

Сайрамда оқушыларды кітап оқуға шақыратын жобаларды жүзеге асырылуда

Next Post

Саурандық мұғалімдер заманауи үлгіде сабақ өту тәжірибесімен бөлісті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz