gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Білім

Сайрамда оқушыларды кітап оқуға шақыратын жобаларды жүзеге асырылуда

30 января, 2024
in Білім, Жаңалықтар
0
Сайрамда оқушыларды кітап оқуға шақыратын жобаларды жүзеге асырылуда
Share on FacebookShare on Twitter

«Буккроссинг» — ағылшын тілінде «кітаптың айналыста жүруі», «өзің оқысаң, өзгеге табыс ет» қағидасына негізделген хобби мен адам және кітап арасын жақындататын кітап оқуға шақыратын қоғамдық қозғалыстардың бірі. Кез келген адам өзі оқып бітірген бір кітабын (саябақ, кітапхана және т. б.) қоғамдық көпшілік орындарға қойып кете алады, кейін бұл кітапты тауып алған басқа адам оқиды, оқып болған соң, ол да сол кітапты орнына тастап кетеді. Дәл осылай ол кітапты басқа оқырман оқи алады. Бұл қоғамдық қатысушыларды — «буккроссерлер» деп атайды.
Осы ретте кітапханадағы кітап қорын байыта отырып өзара кітап алмасу, сонымен қатар кітап оқуды насихаттау, әдеби кітап оқуға деген қызығушылығын ояту мақсатында Сайрам ауданы білім бөлімінің Оқу-өндірістік комбинатында «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында «9 ай — 9 іс-шара» жобасы жоспары бойынша кітапханашы Жанна Умурзакова оқушыларға «Буккроссинг» айлық бұрышын ұйымдастырды.
Іс-шараның мақсаты үйімізде жатқан немесе оқылған кітаптарға «Екінші өмір сыйлау», оқырмандар арасында «Кітап алмастыру» акциясын жүргізу, әр түрлі жастағы оқырмандарды тарту, күнделікті өмірдегі әр оқырманның кітап оқу әрекетін танымал етуге өз үлесін қосу. «Буккроссинг» идеясын ең алғаш рет АҚШ-та интернет-технология маманы Рон Хорнбекер 2021 жылы ұсынған. Ең алғаш рет бұл шара 2009 жылы Алматы қаласында өтті. Буккорссингтің шарасы 2014 жылы Алматы қаласында өткен «Кітапфест» деп аталатын жәрмеңкеде өткізілген болатын. Іс-шара барысында оқушылар оқыған кітаптарының мазмұның қысқаша айтып, ой бөлісіп, бір-біріне сыйлады.
Реті келгенде айта кетейік, Сайрам ауданы өңірімізде жекеменшік мектебі көп өңірлердің бірі. Бүгінде мұнда жұмыс істейтін 74 мемлекеттік, 22 жекеменшік мектеп бар. Сондай-ақ, 11 мемлекеттік және 83 жекеменешік балабақша іске қосылған.
2023-2024 оқу жылында ашылған мектептердің қатарында Қарамұрт ауылында орналасқан «Парасат» жекеменшік мектебі де бар. Білім ошағы барлық талаптарға сай, заманауи үлгіде салынған. 500 балаға арналған мектепте 50-шақты білікті маман жұмыс істеуде. Білім ұясының ашылу салтанатына аудан әкімі Арман Сәбитов арнайы қатысып, жаңа мектептің ұстаздары мен ата-аналарын, оқушыларды осынау қуанышпен құттықтаған болатын.
Мұнымен қоса ауданда 3566 орындық 7 жекеменшік мектеп ашылады деп жоспарланған болатын. Жалпы жоғары айтып өткеніміздей, Сайрам ауданы жекеменшік мектеп салудан өңірде алдыңғы орында келеді. Сондай-ақ, ауданда әртүрлі санаттағы 7962 педагог жұмыс істейді. Мектептерде 64 мыңнан астам оқушы білім алуда.

Previous Post

Егер науқастың сақтандыру мәртебесі болмаса, не істеу керек?

Next Post

Сайрамда «Абайтану» сайысы өтті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz