gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Білім

Білім бәйгесінде бәйдібектік оқушылардың бәсі биік болды

1 февраля, 2024
in Білім, Жаңалықтар
0
Білім бәйгесінде бәйдібектік оқушылардың бәсі биік болды
Share on FacebookShare on Twitter

Жақында Астана қаласында ауыл мектептерінің 9-11 сынып оқушыларына арналған қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиада өткен болатын. Онда еліміздегі ауыл мектептерінде оқитын үздік оқушыларымен ағылшын тілі бойынша сынға түскен Бәйдібек ауданында «Шаян» мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы Асанхан Гүлнұр ІІ дәрежелі дипломмен (пән мұғалімі Бұхарбай Гаухар Мырзаханқызы), қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша «Жиенқұм» жалпы білім беретін мектептің 11 сынып оқушысы Әнеш Қарлығаш Өтежанқызы ІІІ дәрежелі дипломмен (пән мұғалімі Қалназаро ва Айзада Сырлыбайқызы) марапатталды.

Айта кетейік, бүгінде Бәйдібек ауданында 51 мектеп бар. Онда 2454 педагог 12 343 оқушыға білім беруде. «Жайлы мектеп» жобасы аясында Шаян ауылынан жаңадан 300 орындық мектептің құрылысы былтыр басталған болатын.

Жақында облыс әкімі Дархан Сатыбалды Бәйдібек ауданы, Шаян ауылындағы С.Әбдіжаппаров атындағы жалпы орта мектеп-интернатының жай-күйімен танысқан болатын. 700 орынға шақталған мектеп 2011 жылы пайдалануға берілген. Қазіргі таңда білім ордасында 136 мұғалім жұмыс істейді. Мұнда екі ауысымда 1 мыңнан аса оқушы негізгі мектеп типтік ғимаратта білім алады. Мектеп «көгілдір отынмен» жылытылады.

Мектептің оқу бөлмелері мен құрал-жабдықтарын жаңарту мақсатында «Қазақстан Халқына» қоғамдық қоры, «Білім беруді тұрақты дамыту» қоры қоғамдық қоры, «Ed Tech Innovation» ЖШС және С. Әбдіжаппаов атындағы жалпы орта мектеп-интернаты арасында төрт жақты келісімшарт жасалды. Меморандум аясында серіктестер 250 млн. теңге қаржы бөліп, білім ордасындағы 30 оқу кабинеті толықтай жабдықталуда. Одан бөлек спорт зал, акт зал, АРТ-студия жабдықталып, кітапханаға керек-жарақтар жеткізілуде. Сонымен бірге білім ордасында телестудия да жасақталуда.

Облыс әкімі мектепті аралау барысында жылу қазандығының жай-күйіне баса мән беріп, жылу жүйесіндегі анықталған ақаулықтарды қалпына келтіруді тапсырды. Мектеп асханасының ас мәзірін көрді. Жауаптыларға оқушыларға барлық жағдай жасалуы керек екенін айтты.

Түркістан облысында соңғы үш жылда 100-ге жуық мектеп салынады. «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы мен республикалық бюджет есебінен құрылысы жүргізілетін 33 мектептің 2023 жылы 18-і тапсырылса, қалғаны 2024 жылдың соңына дейін пайдалануға беріледі. Сонымен қатар «Жайлы мектеп» жобасы аясында 3 жылда 63 мектеп салынады. Жобалық қуаты – 49 мың орын. 2024 жылы 29 мектептің құрылысы басталса, 2025 жылы 34 мектеп пайдалануға беріледі. Оларға қажетті инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету жоспары бекітіліп, тиісті жұмыстар жүргізілуде.

 

Previous Post

Жетісайлық оқушы үндістанда өткен чемпионатта топ жарды

Next Post

Түркістанда дүниежүзілік сайлау күніне арналған дөңгелек үстел өтті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz