Жетісайлық оқушы Серімжан Асылханұлы Үндістанның Гоа қаласында өткен «Goa – 2024» Халықаралық робототехника фестиваліне қатысып, үздіктер қатарынан көрінді. Ол қазақстандық «Qazaq style» командасының құрамында болған. Құрама чемпионатта І-орынды иемденді.
Қазіргі таңда Серімжан Жетісай ауданында орналасқан Б.Момышұлы атындағы мектеп-гимназия мектебінің 8 сыныбында оқиды. Ол осы уақытқа дейін республикалық жарыстарда еліміздің үздік робототехника командаларымен бірге бақ сынап, жеңіске жеткен.
Айта кетейік, Жетісай ауданында 251 білім беру ұйымы бар. Оның ішінде 84 жалпы орта білім беру ұйымының 74-і мемлекеттік, 10-ы жекеменшік. Одан бөлек, ауданда 3 қосымша білім беру ұйымы жұмыс істейді.Мектептерде 5 526 педагог жұмыс істейді.
Өткен жылы 2907 мектеп бітіруші түлектің 1219-ы мемлекеттік грант иегері атанса, «Алтын белгі» иегері 173 және «Үздік аттестат» 207 иегері атанды.«Мектептерге арналған PISA» халықаралық зерттеу сынағына ауданда 8 мектеп қатысты. Соның ішінде осы зерттеудің бағалау күрделілік деңгейлері бойынша Б.Момышұлы атындағы №6 мектеп-гимназиясы оқу сауаттылығы мен математикалық сауаттылық бойынша 3-деңгейді, жаратылыстану бағыты бойынша 2-деңгейді бағындыра алды.
Жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 сынып оқушыларына арналған Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінде жалпы 23 оқушы 16 жүлделі орынмен , 7 оқушы мақтау қағаздарымен марапатталды. Жалпы білім беретін пәндер бойынша 5- 6 сынып оқушыларына арналған Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінде 10 оқушы жүлделі орындарға ие болды. Республикалық кезеңінде Д.Қонаев атындағы ІТ мектеп лицейінің оқушысы «Мақтау» қағазымен марапатталды.
ХІІІ Президенттік олимпиаданың облыстық кезеңінде 2 оқушы, Республикалық кезеңіндеШермахамбет Сымбат-Аманкелді атындағы №19 жалпы білім беретін мектеп ІІ орын иеленді. Қ.Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен республикалық олимпиадасы, «Абайтану» қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен республикалық олимпиадасы,«Жарқын болашақ» республикалық олимпиадасы, «А.Байтұрсынов- ұлтымыздың ұлы ұстазы» облыстық ғылыми жобалар байқауы, республикалық М.Мақатаев оқулары, республикалық «Жыр алыбы — Жамбыл» атты жас ақындар айтысы, республикалық «МәшҺүр Жүсіп оқулары» байқауы, республикалық«Мағжан оқулары»байқауының республикалық кезеңі, «Әбіш оқулары»байқауы, РеспубликалықХХІҮ Абай оқулары,Республикалық ІХ «Ақберен»өнер байқауларының облыстық және республикалық кезеңдерінде, Республикалық«Ясауитану» байқауы, «Балалар оқуларында» оқушыларымыз жүлделі орындарды иеленді. «IQanat» олимпиадасының республикалық кезеңінде № 10 «Қайнар» мектеп-гимназиясының оқушысы Құттыбек Ержігіт Ғалымжанұлы, № 17 «Түркістан» жалпы орта мектебінің оқушысы Әуелбек Балжан Ниязбекқызы, Н.Исмайлов атындағы № 45 жалпы орта мектебінің оқушысы Жаңабай Даниял Құрбанбайұлы IQanat High of Burabay мектебінің оқу грантының иегері атанды.
Ауыл мектептерінің балаларына арналған«Мың бала»олимпиадасында 7 оқушы жеңімпаз атанды. Ал, «Бастау»ХVІ республикалық математикалық олимпиаданың облыстық кезеңінде3 орынды, Республикалық кезеңінде М.Горький гимназия- мектебінің оқушысы жүлделі 2 орынды иеленді.