Күн райының күрт суытуына байланысты Төлеби ауданындағы барлық білім ордасы онлайн білім алу форматына ауысты.
Түлкібас ауданының білім бөліміне бағынысты барлық деңгейдегі мемлекеттік білім беру ұйымдарын да қашықтан оқытуға жіберу туралы шешім қабылданды.
Кентау қаласындағы барлық мектептердің даярлық сыныптары мен бастауыш және 5, 6, 7, 8 сыныптарындағы оқушылар үйде оқитын болды. Сондай-ақ, Кентау қаласына қарасты Ащысай ауылында қалың қар жауып, жолдар жабылуына байланысты №7 Ж.Жабаев атындағы және №8 М.Горький атындағы шағын жинақты жалпы білім беретін мектептердің оқушылары қашықтан оқуға жіберілді.
«Күн райы қолайлы аудан, қалалардағы оқушылар штаттық режимде білім алуда. Өзгерістер орын алған жағдайда білім беру мекемелері мен бөлім тарапынан қосымша хабар беріледі. Ауа райының өзгеруіне байланысты өзгерістер енгізілуі мүмкін екенін хабарлаймыз!» — делінген Түркістан облысы білім басқармасының баспасөз қызметі ұсынған ақпаратта.