gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан қаласының жастары Қорғаныс министрлігінің өкілдерімен кездесті

2 февраля, 2024
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Түркістан қаласының жастары Қорғаныс министрлігінің өкілдерімен кездесті
Share on FacebookShare on Twitter

Қорғаныс министрлігінің ақпараттық-насихаттау тобы Түркістан қаласында болды. Топ құрамындағы бірінші штаб офицерлерінің сапары әскерге шақыруға дейінгі жастар арасында әскери қызметті дәріптеу мен насихаттауға бағытталды. Іс-шаралар оқу орындарының қабырғасы мен «Фараб» кітапханасының концерт залында өткізілді.
Кездесулерге қатысқан офицерлердің бірі – Қорғаныс министрлігінің Тәрбие және идеологиялық жұмыс департаментінің өкілі подполковник Дәулет Бейсеков. Ол өз сөзінде әскери қызметке шақыру тәртібі мен әскери оқу орындарына қабылдау талаптары туралы кеңінен айтып өтті. Жастар оны үлкен қызығушылықпен тыңдап, сұрақтар қойып, көтерілген тақырыпқа қызығушылық танытты.
Қорғаныс министрлігінің тағы бір өкілі, Әскери ғылым және білім департаментінен келген майор Сәбит Сыздықов сарбаздардың міндетті әскери борышын өтегеннен кейін алатын жеңілдіктері туралы толығырақ айтып берді. Жастар оны бар ынтамен тыңдап, әскери қызметтің абыройлы ғана емес, тұлғалық және кәсіби шыңдалуына да пайдалы екенін түсінді.
Іс-шараға қатысушылар Қорғаныс министрлігі офицерлеріне берген ақпараттары мен қойылған сұрақтарға жауаптары үшін алғыстарын білдірді. Біразы әскери қызмет саласында білімдерін шыңдауға ниет білдіріп, әскери оқу орындарына түсу мүмкіндіктерін қарастырды.
Министрлік өкілдерімен өткізілетін мұндай кездесулердің жастардың отаншылдық сезімін қалыптастыру және әскери қызметке деген қызығушылығын арттыруда маңызы зор. Олар әскердегі жастарға берілген мүмкіндіктер туралы ақпарат беріп қана қоймай, жастар мен әскерилер арасындағы сенімді нығайтуға да септігін тигізеді.
Бұл күні Қорғаныс министрлігінің өкілдері түркістандық жастармен кездесуден бөлек, Ұлы Отан соғысының ардагері Немет Абрасиловқа арнайы барды. Олар қан майданды соңғылардың бірі болып өз көзімен көрген 102 жастағы ақсақалдың ақ батасын алды. Елордалық қонақтар қарт майдангерге Қорғаныс министрінің Алғыс хаты мен сыйлықтарын табыстады!
Ардагерге Ұлттық әскери-патриоттық орталықтың шығармашылық ұжымымен бірге Астанадан арнайы келген Ұлттық ұлан ансамблі өнер көрсетіп, соғыс жылдарының әндерін тарту етті.

Previous Post

Туристік астана атанған Түркістанды танытуға туроператорлар да атсалысады

Next Post

Оқушыларға кітап оқу сағаты ұйымдастырылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz