gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістанда тұрмыстық зорлық зомбылықтың алдын алу бойынша алғашқы республикалық форум өтті

2 февраля, 2024
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Түркістанда тұрмыстық зорлық зомбылықтың алдын алу бойынша алғашқы республикалық форум өтті
Share on FacebookShare on Twitter
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жазаны қатаңдатуды қолдайтынын айтып, Қылмыстық кодекске өзгерістер енгізілетінін жеткізген болатын.
 Осыдан соң ҚР Ішкі істер министрі Ержан Саденов барлық полицейлерге Президент тапсырмасына сәйкес тұрмыстық қатынастағы зорлық-зомбылықтың алдын алу мен болдырмау бағытындағы жұмыстарды күшейтуді тапсырды.
Алғашқы болып Түркістан облысы ПД бастығы Мұрат Қабденов пен облыс прокуроры Мұрат Тілеубердиевтің бастамасымен Президент тапсырмасын орындау мақсатында, ауқымды республикалық форум өткізілді.
 «Бақытты отбасы-болашақтың кепілі» атты форумға облыс әкімі Дархан Сатыбалды, ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев, ҚР Мәжілісінің депутаты Д.Мұқаев, Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева, қоғам қайраткері Оразкүл Асанғазы, әнші Сәкен Майғазиев және басқа да құрметті қонақтар қатысты.
Өздеріңіз білетіндей, тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесі қазіргі қоғамның көптеген аспектілеріне әсер ететін өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Форум барысында іс-шараға қатысушылар мен қонақтар тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша пікір алмасты, өздерінің өмірлік тәжірибелерімен және отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алуға бағытталған шешімдерімен бөлісті.
 Форумның басында әр түрлі өмірлік жағдайлар мысалында күрделі отбасылық қатынастарды баяндайтын театрландырылған қойылым өтті. Сондай-ақ көрермендерге тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуда атқарылған жұмыстар және құқық бұзушылықтарды болдырмауға байланысты қабылданып жатқан шаралар туралы бейнероликтер көрсетілді.
Іс-шарада облыс әкімі Дархан Сатыбалды, облыс прокуроры Мұрат Тілеубердиев және басқа да құрметті қонақтар сөз сөйлеп, қоғамның тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесіне жауапкершілігін арттыруға, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сондай-ақ бұл форумды өткізудің маңыздылығын атап өтті.
Өз кезегінде ҚР ІІМ ӘПК төрағасы Қайсар Сұлтанбаев өз сөзінде түрлі құрылымдардың өкілдерін қауіпсіз мемлекет пен үлгілі отбасын қалыптастыру үшін бірлесіп жұмыс істеуге шақырды.
Ал облыстың бас полицейі Мұрат Қабденов: «тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету үшін небары екі ғана дағдарыс орталығы жұмыс істейді. Өткен жылы дағдарыс орталықтарына 210 адам көмек сұрап, жүгінген. Сондықтан облыс халқының санын ескере отырып, әр қалада және аудан орталығында қосымша дағдарыс орталықтарын ашу қажет деп санаймын»,- деп ұсыныс айтты.
Жалпы қылмыстардың басым бөлігі мас күйінде жасалады. Сондықтан қылмыстардың алдын алу және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында «ішімдіксіз ауыл» жобасы іске асырылуда.
«Қазіргі уақытта облыста 10 ауыл алкоголь сатудан бас тартты, нәтижесінде бұл ауылдарда ешқандай құқық бұзушылық мүлде орын алмады. Полиция бұл бастаманы одан әрі қолдап, осындай ауылдардың санын көбейтетін боламыз», — деп атап өтті М.Қабденов.
Республикалық форум соңында өз отбасымен үлгілі болып жүрген танымал әнші Сәкен Майғазиев пен «Алатау серілері» тобы ән айтып, іс-шараға қатысушыларды отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтарға қарсы күресте ынтымақтастыққа шақырды.
Previous Post

Түркістан облысында жолда адасып қалған 156 адам құтқарылды, оның ішінде 17 бала бар

Next Post

Туристік астана атанған Түркістанды танытуға туроператорлар да атсалысады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz