gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан облыстық мәслихатының депутаттары ауыз су мәселесін талқылады

9 февраля, 2024
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Түркістан облыстық мәслихатының депутаттары  ауыз су мәселесін талқылады
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістаноблыстық мәслихатының жұмыс жоспарына сәйкес            2024 жылғы I-тоқсанда «Түркістан облысының елді мекендерін ауыз сумен қамтамасыз ету туралы» мәселені қарау жоспарланған. Осыған орай, арнайы құрылған уақытша депутаттық комиссияжиын өткізді.

Жиынды облыстық мәслихаттың кәсіпкерлік, құрылыс, инфрақұрылымды дамыту, жер қатынастары және табиғатты пайдалану мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы С.Көшенов жүргізді.

Комиссия отырысына Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы Н.Әбішов, облыс әкімінің бірінші орынбасары З.Жолдасов, облыстық энергетика және  тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Р.Мұздыбеков, «Нұра топтық су құбыры» республикалық мемлекеттік кәсіпорынның Оңтүстік ауызсу филиалының директоры  Е.Есіркепов және уақытша депутаттық комиссия мүшелері қатысты.

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша облыстық энергетика және  тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Р.Мұздыбеков, «Нұра топтық су құбыры» республикалық мемлекеттік кәсіпорынның Оңтүстік ауызсу филиалының директоры  Е.Есіркепов баяндама жасады.

Р.Мұздыбеков өз баяндамасында 2024 жылы 47 нысанның құрылыс жұмыстарына бюджеттен 13,3 млрд. теңге (ҰҚ-10,8 млрд, тг., РБ-1,2 млрд. тг., ОБ-1,3 млрд. тг.) бөлініп,  ағымдағы жылы 37 нысан аяқталатындығын, ал қалған 10 нысан 2025 жылға өтпелі екендігін жеткізді. Нәтижесінде, 14 елді мекен (Сарыағаш-2, Отырар-1, Төлеби-1, Келес-5, Созақ-4, Қазығұрт-1) ауыз сумен қамтылып, 13 елді мекеннің (Бәйдібек-1, Арыс-1, Сарыағаш-1, Төлеби-4, Жетісай-2, Мақтаарал-2, Түлкібас-1, Шардара-1) тозығы жеткен су құбырлары қайта жаңартылмақ.

Сонымен қатар, басқарма басшысының айтуынша8 елді мекенге (Сарыағаш-3, Келес-2, Мақтаарал-1, Шардара-2) кешенді блок-модуль қондырғысы орнатылатын болады.

2024 жылдың қорытындысымен, 832 елді мекеннің 761 елді мекенін (7 қала, 754 ауылдық елді мекен) немесе 91,7% ауыз сумен қамтамасыз ету жоспарлануда.

Баяндамашыларды тыңдағаннан соң,  депутаттар өз сұрақтарын қойып, пікір алмасты.

Жиын соңында комиссия төрағасы С.Көшеновкелесі отырысқа  ұсыныстар енгізу үшін депутаттарғатиісті мамандармен аудан, қалаларға бірге барып, зерделеу  жұмыстарын жүргізуді ұсынды.

 

Previous Post

Арыстық оқушы облысымыздың абыройын асқақтатты

Next Post

Түркістанда мектептің жаңа ғимараты пайдалануға берілді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz