gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Сауранда “Оңтүстік Қазақстан” газетінің 100 жылдығына орай ақындар мүшәйрасы өтті

12 февраля, 2024
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Сауранда “Оңтүстік Қазақстан” газетінің 100 жылдығына орай ақындар мүшәйрасы өтті
Share on FacebookShare on Twitter
Сауран ауданының құрылғанына үш жыл және облыстық “Оңтүстік Қазақстан”қоғамдық-саяси газетінің 100 жылдығына орай «Бақытым сенсің, Түркістан!» атты жазба ақындар мүшәйрасы өтті. Жыр додасына 50-ден астам үміткер қатысты.
«Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы» дегендей, мүшәйраға мектеп оқушылары да балауса жырларын ұсынды. Негізгі кезеңге 50 ақын қатысып, олардың ішінен 9-ы ақтық кезеңге өткен. Қазылар алқасының шешімімен саурандық шайыр Ердәулет Бұхарбай бас жүлдеге ие болды. Оған 500 мың теңге ақшалай сыйақы табысталды. Ал І орынды түркістандық Дәурен Тілеухан иеленсе, ІІ орын Нұрғиса Төремұратқа бұйырды. Ал қос ІІІ орынды Роза Сұлтанәлиева мен Арқалық Әмалият иемденді.
Сонымен қатар өзге де қатысушылар арнайы номинацияларға ие болды. Атап айтқанда, Сауран ауданы әкімінің арнайы жүлдесін — Жанәділ Сейданов, жазушы, журналист Нұрмахан Оразбеков атындағы номинацияны — Азамат Әлібек иеленді. Ал ақын Өмірбай Сәуірбаев атындағы номинация — Лаура Тастанбекке бұйырса, қара өлеңнің қабыланы Қаныбек Сарыбаев атындағы номинацияға — Дәурен Айманбет лайық деп танылды. Барша қатысушыларға қаржылай сыйақы табыс етілді.
Previous Post

Мақталы өңірде балық шаруашылығын дамытуға күш салынуда

Next Post

Каринаға мектебі қолдау білдірді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz