gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Білім

Мұқағали жырларын жатқа оқыды

10 февраля, 2024
in Білім, Жаңалықтар
0
Мұқағали жырларын жатқа оқыды
Share on FacebookShare on Twitter

Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев «Кітап оқу – рухани кемелденудің көзі. Қазіргі уақыт – секунд сайын жаңарған ақпарат заманы. Алтын уақытымызды пайдалы істерге жұмсағанымыз жөн», – деген болатын. Осыған орай, ҚР оқу-ағарту министрлігі орта білім беру саласында «Оқуға құштар мектеп» жобасын қолға алып, оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыруға көңіл бөле бастады.

Жақында Мақтаарал ауданындағы А.Байтұрсынұлы атындағы №9 жалпы орта білім беретін мектепте «Оқуға құштар мектеп» жоба аясында Мұқағали Мақатаевтың туғанына 93 жыл толуына орай, оқушылар арасында ақынның өлеңдерін жатқа оқудан жарыс өтті.

Іс-шараның мақсаты ғасырлар тоғысында ғасыр ақыны атанған Мұқағали Мақатаевтың ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату, сол арқылы олардың бойында поэзия әлеміне, жалпы сөз өнеріне деген сүйіспеншілікті берік қалыптастыру.

Оқушылардың сөз мәдениетін дұрыс меңгеріп, жырларды мәнерлеп оқуға, өлеңді өміріне серік еткен ақынға еліктеп ақынжанды болып өсуіне кең жол ашу, рухани танымын кеңейту. Туған халқының талантты ақынына, әдебиетіне, туған еліне деген сүйіспеншілік сезімін оятып, адамгершілікке тәрбиелеу.

Жалпы елімізде осыдан біраз уақыт бұрын оқушыларды кітап оқуға шақыратын «Оқуға құштар мектеп» жобасы қолға алынған болатын. Жобаның мақсаты оқушылардың оқу мәдениетінің деңгейін және олардың оқу белсенділігінің өсуін арттыру, жас ұрпақ бойына азаматтық, рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру, оқушылар, педагогтер және ата-аналар арасында кітап оқуды насихаттау болды. сонымен қатар, мектеп кітапханаларына қоғамның назарын аудару. Ал, міндеті мектеп кітапханаларын ресурстық ақпараттық-кітапханалық және мәдени-ағарту орталықтары ретінде дамытуға ықпал ету және отбасылық  кітап оқу дәстүрлерін қалыптастыру болды.

Previous Post

Республикалық пән олимпиаданың аудандық кезеңі өтуде

Next Post

Жетісайда «Жайлы мектеп» жобасы аясында 6 білім ордасы бой көтереді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz