gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Білім

Республикалық пән олимпиаданың аудандық кезеңі өтуде

10 февраля, 2024
in Білім, Жаңалықтар
0
Республикалық пән олимпиаданың аудандық кезеңі өтуде
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысының қалалық және аудандық білім беру ұйымдарында жалпы білім беретін пәндер бойынша 7-8 сынып оқушыларына арналған республикалық пән олимпиадасының аудандық және қалалық кезеңі өткізілді. Олимпиадаға Түркістан облысынан 14306  оқушы қатысуға тіркелді.

Олимпиаданың мақсаты — оқушылардың білімге деген қызығушылығын тудырып, құштарлығын ояту. Сонымен қатар, олардың  қабілеттерін, бейімділігін дамытып, дарынды балаларды анықтау. Олимпиада екі бағыт бойынша жүргізілді. Атап айтар болсақ, қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағытында жүргізілді.

Олимпиада ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының тапсырмасымен, Түркістан облысы білім басқармасының «Облыстық дарынды балаларды анықтау және қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің онлайн форматта бақылауымен өткізілді. Алдымен 7 сынып оқушылары қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағытта, келесі күні 8 сынып оқушылары қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағытта білім бәйгесінде бақтарын сынады.

Айта кетейік, оқушыларға арналған республикалық пән олимпиадасы дарынды балаларды анықтау және дамыту, оқушылардың ғылыми білімге қызығушылығын арттырудың тиімді нысандарының бірі болып табылады. Республикалық олимпиадалар жыл сайын өткізіледі. Олимпиаданың негiзгi мақсаттары мен мiндеттерiне оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, олардың теориялық білімі мен тәжірибелік шеберлігін тереңдету, өзін-өзі дамытуына ықпал ету, дарынын ашуға жағдай жасау жатады. Республикалық олимпиаданың нәтижесінде іріктелген оқушылар халықаралық олимпиадаларға жолдама алатын болады.

Previous Post

Ауыл – ұлтымыздың ұйытқысы

Next Post

Мұқағали жырларын жатқа оқыды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz