Сайрам ауданындағы №69 «Бескепе» негізі орта мектебінде «Сынып жетекшілердің ата-аналармен жұмысының жаңашыл әдіс-тәсілдері, тәрбие деңгейінің сапалық кепілі» тақырыбында обылыстық тәжірибелік семинар өтті.
Семинарға Түркістан Обылысы білім басқармасы білім беруді дамыту орталығы тәрбие және әлеуметтік психология кафедрасының сынып жетекші әдіскері Ардақ Уразымбетова, Сайрам ауданы білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі Нұртанова Гүлнар, Сайрам ауданы білім бөлімінің әдіскер Мұсаева Құралай және аудан, облыс мектептерінің тәрбие ісі жөініндегі орынбасарлары қатысты.
Семинар 3 кезеңде өтті. Семинарға қатысушыларды С.Датұлы атындағы №68 жалпы орта мектептің домбыра үйірмесінің мүшелерінің керемет күйлерімен қарсы алды. Мектептің файесіне және мәжіліс залына қойылған ұлттық киіз үй,«Ұлттық құндылық- тәрбиенің қайнар көзі» тақырыбындағы көрмелерді тамашалады.Семинардың ашылу салтанатында С.Датұлы атындағы №68 жалпы орта мектептің жас өнерпаздары, даналық мектебінің «Асыл әжелер» тобы және «Келіндер» тобы концерттік бағдарламасымен семинар қонақтарына керемет көңіл-күй сыйлады. Негізі бөлім бойынша сынып жетекшілердің дайындаған тәрбие сағаттарына аудан мектептерінен келген қонақтар қатысты. Семинарда Махажанов атындағы №24 жалпы орта білім беретін, А. Байтұрсынов атындағы №83 жалпы орта білім беретін, Н. Шойынбаев атындағы №33 жалпы орта білім беретін, С. Датұлы атындағы №68 жалпы орта білім беретін, №69 «Бескепе»негізгі орта білім беретін, №74 жалпы орта білім беретін, №28 «Ақбай»жалпы орта білім беретін, М. Сапарбаев атындағы №14 жалпы орта білім беретін, Түлкібас ауданың білім бөліміне қарасты О. Ағбайұлы атындағы жалпы орта білім беретін, Төлеби ауданы, Ленгір қаласындағы №7 лицей мектептің ұстаздарына тәжірибелік сынып сағаттары өткізілді.
Іс-шара соңында Түркістан обылысы білім бөлімінің әдіскері Уразымбетова Ардақ қорытынды сөз сөйлеп семинардың жоғары деңгейде өткендігін, сынып жетекшілердің тәрбие сағаттарын жаңаша әдіс-тәсілдермен көрсеткен барша мұғалімдерге, семинардың жоғарғы деңгейде өтуіне атсалысқан ұжымға алғыс айтып, шығармашылық табыс тіледі.
Айта кетейік, өңірімізде жекеменшік мектебі көп өңір осы Сайрам ауданы. Жақында аудан әкімі Арман Сәбитов Қарамұрт ауылдық округіндегі «Парасат» жекеменшік мектептің ашылу салтанатына қатысқан болатын. Аталған 500 орындық білім ордасы толық заман талабына сай етіп жасалған. Бүгінде білім нысанында 50-ден аса білікті ұстаз жұмыс істеуде.
Жалпы биылғы оқу жылында ауданда 3566 орындық 7 жекеменшік мектеп ашылды. Жоғарыда айтып өткеніміздей, Сайрам ауданы жекеменшік мектеп салудан өңірде алғашқы орында тұр. Сондай-ақ, ауданда 7962 мұғалім жұмыс істейді.
«Ауданымызда 64 мыңнан аса озушы білім алады. Бұл облыстағы үлкен көрсеткіш, әрбір 8 бала Сайрам ауданында білім алады деген сөз. Биылғы оқу жылында 201 білім беру мекемесі жұмыс істеуде. Оның ішінде 74 мемлекеттік және 22 жекеменшік мектептер. Сондай-ақ, 11 мемлекеттік пен 83 жекеменшік балабақша жұмыс істеуде»,- дейді аудан әкімі Арман Сәбитов.
Аудан әкімі ашылу салтанатына қатысқан жаңа мектепте мультимедиялық оқу залдары, заманауи жабдықталған физика, химия, биология, информатика, интербелсенді тақталарымен жабдықталған, технология кабинеттері жабдықталған. Жобалық құны 400 млн. теңге.