gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Депутаттар Шардара ауданының халқымен кездесті

13 февраля, 2024
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Депутаттар Шардара ауданының халқымен кездесті
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облыстық мәслихатыныңдепутаттары аудан, қалаларда халық алдында мәслихаттың өткен жылы атқарған жұмыстары туралы есеп беруде.

Осы мақсатта, облыстық мәслихат төрағасы Н.Әбішов және облыстық мәслихат депутаты Б.Серманизов Шардара ауданының халқымен кездесті.Кездесуді Шардара ауданы әкімінің міндетін атқарушы Н.Сапаров жүргізіп отырды.

Кездесуге  аудандық мәслихат депутаттары, ауылдық округ әкімдері,аудан әкімдігінің салалық бөлім басшылары, қоғамдық ұйымдар басшылары, аудан халқы және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Алғашқы болып сөз алған облыстық мәслихат төрағасы Н.Әбішов мұндай әр аудан, қалаларда сайлаушылар алдында халық қалаулыларының есеп беруі алғаш рет өткізіліп отырғандығын және алдағы уақытта жүйелі түрде ұйымдастырылатындығын айтты.

Одан бөлек, мәслихат төрағасы облыс орталығы атанған Түркістанда үлкен жұмыстар атқарылғандығын, қазіргі таңда аудандардағы өзекті мәселелерді шешуге ерекше көңіл бөлініп отырғандығын жеткізді. Осы орайда облыс әкімі Д.Сатыбалдының бастамасымен облысқа инвестиция тарту, ірі өндіріс орындарын ашу, кәсіпкерлікті дамыту бағытында жаңа жобалар қолға алынғандығымен бөлісті.

Жиын барысында депутат Б.Серманизов 2023 жылдың қорытындысы бойынша атқарылған жұмыстар туралы баяндама жасады. Ол баяндамада облыстық мәслихатта атқарылған жұмыстарға тоқталып өтті.

Сонымен қатар, Шардара ауданына 2023 жылы түрлі сала бойынша66 нысанға 4 миллиард 227 миллион теңге бөлінгендігін, оның ішінде: республикалық бюджеттен — 238 миллион теңге, ұлттық қордан — 1 миллиард 391 миллион теңге, облыстық бюджеттен — 2 миллиард 599 миллион теңге қаралғанын айта отырып, осы нысандар бойынша атқарылған жұмыстарды баяндады.

Сондай-ақ, халық қалаулылары тұрғындардың өтініштері мен ұсыныс-пікірлерін тыңдады және сұрақтарына жауап берді.

Тұрғындар тарапынан әлеуметтік және ауыл шаруашылығы саласына қатысты бірқатар мәселелер көтеріліп, депутаттар тарапынан бұл мәселелер назарға алынып, алдағы уақытта тиісті жұмыстар жүргізілетіні айтылды.

Жалпы,  аудан халқы осындай есеп беру кездесуін өткізген депутаттарға алғыстарын білдіре отырып, жұмыстарына сәттілік тіледі.

Previous Post

Халық қалаулыларының Келестегі кездесулері

Next Post

Кентауда инфрақұрылым жұмыстары жалғасады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz