gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Халық қалаулыларының Келестегі кездесулері

13 февраля, 2024
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Халық қалаулыларының Келестегі кездесулері
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы Н.Әбішов, облыстық мәслихат депутаттары Ж.Ағабеков, Б.Басымбек облыстық мәслихаттың өткен жылы атқарған жұмыстары туралы есеп беру және тұрғындардың мәселелерін тыңдау мақсатында Келес ауданының халқымен кездесті.  Кездесуді Келес ауданының әкімі Ж.Ағыбаев жүргізіп отырды.

Кездесуге  аудандық мәслихат депутаттары, ауылдық округ әкімдері, аудан әкімдігінің салалық бөлім басшылары, қоғамдық ұйымдар басшылары, аудан халқы және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Облыстық мәслихат төрағасы Н.Әбішов осы жылы алғаш рет осындай кездесулердің өтіп жатқандығын, алдағы уақытта жыл сайын ұйымдастырылатындығын айтты.

Жиын барысында облыстық мәслихат депутатыЖ.Ағабеков2023 жылдың қорытындысы бойынша атқарылған жұмыстар туралы баяндама жасады. Ол өз баяндамасында Келес ауданына 2023 жылы түрлі сала бойыншажалпы 45 нысанға   6 миллиард   574,7 миллион теңге (оның ішінде ұлттық қордан — 2 миллиард 761,7 миллион, облыстық бюджеттен — 3 миллиард 813 миллион)бөлінгендігін айтты.

Сондай-ақ, халық қалаулылары тұрғындардың өтініштері мен ұсыныс-пікірлерін тыңдады және сұрақтарына жауап берді.

Тұрғындар тарапынан  ауыз сумен қамтамасыз ету, «Ұшқын» ауылдық округіндегі мәдениет үйіне күрделі жұмыс жүргізу және кәсіпкерлік саласы бойынша мемлекет тарапынан берілетін қолдауларды көбейту сынды мәселелер көтеріліп, депутаттар бұл мәселелерді назарға алды.

Жалпы,  аудан халқы депутаттардың жұмысын оң бағалап,  алдағы істеріне сәттілік тіледі.

Кездесуден соң, облыстық мәслихат төрағасы Н.ӘбішовКелес ауданы, Бірлік ауылдық округі тұрғындарынан келіп түскен арыз бойынша арнайы жиын өткізді. Жиынға облыстық мәслихат депутаттары Ж.Ағабеков, Б.Басымбек, Бірлік ауылдық округі әкімі, Бірлік ауылдық округінің тұрғындары және Келес ауданы әкімдігінің бөлім басшылары қатысты.

Жиында ауыл тұрғындары көтергенгаздандыру, сапалы ауыз сумен қамту,  көшелерге жөндеу жұмыстарын жүргізу,  жұмыссыздарға кәсіп ашуға жеңілдетілген несие беру туралы 4 мәселеқаралды.

Осы мәселелер бойынша аудан әкімдігіне тиісті ұсыныстар беріліп, хаттамасы түзілді және орындалуы депутаттар тарапынан бақылауға алынды.

Previous Post

Түркістан облысында мектептерде орын тапшылығын жою мақсатында 11 «алтын ұя» салынбақ

Next Post

Депутаттар Шардара ауданының халқымен кездесті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz